|
|
|
Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы
Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нышанов Нұрбек Садықбекұлы, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 01 шілдедегі № 31 қаулысына, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32 қаулысына, «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіле тін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ 293/2020 бұйрығына сәйкес, «COVID-19» аурушаңдығы мен вирусты пневмонияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылсын. 2. Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, өнеркәсіп орындарының меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың басшылары: 2.1. осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары бекітілсін; 2.2. қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебесі» (вакцинациясы немесе теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметіне демалыс күндері рұқсат етілсін; 2.3. осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасынан тыс Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары бекітілсін; 2.4. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысымен бекітілген 1, 2, 3, 5-қосымшаларының алгоритмдері талаптарының орындалуы бақылансын; 2.5. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер берілуі назарға алынсын: 1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді; 2) «сары» аймақтағы жобаға қатысушылар «жасыл» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді; 3) «жасыл» және «қоңыр қызыл» аймақтардағы жобаға қатысушыларға қосымша жұмыс режимі 2 сағатқа қосымша ұзартылады, сондай-ақ объектіні толтыру 10%-ға артады; 4) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады. 3. Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, құқық қорғау және арнайы органдарға: 3.1. бұқаралық іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, конференцияларды, семинарлар, мерекелік корпоративтерді және т.б.) отбасылық іс-шараларды (үйлену тойы, мерейтой, беташар, қыз ұзату, құдалық, көкпар) және көпшілік жиналатын өзгеде іс-шараларды, оның ішінде тұрғылықты мекен жайы бойынша (үйде) өткізуге тыйым салынсын; 3.2. қоғамдық орындарға (бөлмелерде, кәсіпорындарда, мекемелерде, базарларда, сауда объектілерінде, қоғамдық көліктер және т.б.) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ, ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларда және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, 1,5-2 м. әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын; 3.3. 65 жастан асқан адамдардың аудан, қалаларда қажеттілік туындамаған жағдайда жүруі шектелсін. 4. Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының басшысына, Түркістан облысының Полиция департаментінің бастығына, Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысына, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың басшыларына, заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және күшейтілген дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі объектілердің қызметіне рұқсат етілсін: 4.1. медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі мүгедек балаларға арналған оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режим сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналарға жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде рұқсат етуді, сонымен қатар, берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етуді; 4.2. әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска кию режимін сақтаған 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерімен ойын-сауық объектілерінсіз саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға; 4.3. ашық ауада жеке және топтық жаттығулар (5 адамнан артық емес); 4.4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың: мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, қорықтардың, резерваттардың және басқа нысандардың (бетперде киген жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып) қызметі; 4.5. күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, автожанармай, газ қүю станциялары, АЖБ жанындағы дүкендер, дәріханалар, телекоммуникация қызметі. 5. Меншік нысанына қарамастан Түркістан облысының жеке кәсіпкерлеріне және заңды тұлғаларға, кәсіпорындарының, ұйымдарының, мемлекеттік мекемелердің басшыларына: 5.1. мекемелерде халыққа қызмет көрсету кезінде, маска, қолғаптар кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң түрде сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілер қызметкерлерін уақтылы ауыстырылатын қолғаптармен және температураны өлшеуге арналған аспаптармен жеткілікті қамтамасыз ету; 5.2. қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, дезкілемшелер орнату, беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып ылғалды жинау, желдету) қамтамасыз ету. 6. Түркістан облысының қала және аудан әкімдеріне, Түркістан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына, Түркістан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына, Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысына, меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілеріне және кәсіпкерлік субъектілеріне: 6.1. қалалық қоғамдық көліктерде бетперде кию режимін қатаң қадағалау, жолаушылар үшін қолжетімді орындарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды бақылау; 6.2. қоғамдық көліктерде және аялдамаларда адамдардың көп шоғырлануын болдырмау мақсатында біркелкі қозғалыс кестесін белгілеу, жолаушылар көп мезгілдерде линияда (желіде) қоғамдық көліктің (автобустар, шағын автобустар) санын ұлғайту және қоғамдық көлікті соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен өңдеу; 6.3. Түркістан облысының аумағын (саябақтар, скверлер, балалар ойын алаңдары, көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіреберістері мен баспалдақ алаңдары) дезинфекциялаушы құралдарды қолдана отырып өңдеумен, оның ішінде автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын орындарды және қоғамдық көлікті қамтуды қамтамасыз ету, өңдеуді карантин аяқталғанға дейін күн сайын жүргізу; 6.4. Түркістан облысының аумағында, шағын аудандарда, тұрғын алаптарында, көп қабатты үйлер мен ұйымдар аумағын жоспарлы-тұрақты тазартуды, қоқысты уақтылы шығаруды, қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, жууды және дезинфекциялауды, қоқыс контейнерлеріне арналған алаңдарды тазалықта ұстауды қамтамасыз ету. 7. Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, қоғамдық денсаулық басқармасы, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялардың, ұйымдардың, өнеркәсіп орындарының меншік нысанына қарамастан қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың басшылары: 7.1. осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген ұйымдардың егілмеген қызметкерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) өткізуді қамтамасыз етілсін; 7.2. облыс бойынша, профилактикалық егуге жоспарланған халық санын (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) ескере отырып КВИ-ға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жалғастырсын; 7.3. жұмыскерлерге (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын; 7.4. профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, COVID-19 жаңа коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін; 7.5. COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін. 8. Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысына, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Түркістан облысы бойынша филиалының басшысына: 8.1. COVID-19-ды қадағалау шеңберінде ПТР әдісімен тестілеуді ұйымдастыруды және ПТР зертханалық тексерудің оң нәтижесі бар жағдайлар туралы хабарлауды қамтамасыз ету; 8.2. COVID-19-ға үлгілерді алуға және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелердің, диагностикумдардың, шығыс материалдарының азаймайтын қорын қамтамасыз ету; 8.3. Тиісті контингентке тестілеу жүргізетін зертхана тестіленетін адамдардан оң нәтиже анықталған жағдайда журналға беру уақытын, қабылдаған адамның ТАӘ мен лауазымын тіркей отырып, 2 сағат ішінде Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне телефон арқылы хабардар етсін. Кейіннен 3 сағат ішінде оң нәтиже туралы хаттаманың көшірмесі берілсін; 8.4. медициналық ақпараттық жүйелерді «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК зертханалық ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етсін. 9. Түркістан облысының аудан, қала әкімдері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басқармасы жанындағы «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысына, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығына, ҚР ҰЭМ бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің басшысына, Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасының басшысына: 9.1. Түркістан облысы бойынша дәрілік заттардың болуы және шекті бағаның сақталуы бойынша мониторингтік топ құрылсын; 9.2. Түркістан облысы бойынша дәрілік заттардың болуы және шекті бағаны сақталуы бойынша мониторинг жүргізілсін; 9.3. Жүргізілген мониторингтің қорытындысы тиісті органдарға жолдансын. 10. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілеріне: Объектілер өз қызметін «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген алгоритмдеріне сәйкес жүзеге асыруға тиіс. 11. Күші жойылсын деп танылсын: 11.1. Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 06.07.2021 жылғы № 14 қаулысы; 11.2. Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 23.07.2021 жылғы № 17 қаулысы. 12. Қаулыны меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті. 13. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 14. Түркістан облысының аудан және қала әкімдері, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін. 15. Осы қаулы 2021 жылдың 28 тамызынан бастап күшіне енеді.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 19 қаулысына 2-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |