«Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 357 шешімі
Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 457 шешімімен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6682 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 16 ақпанда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 16 қазандағы № 357 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 300 шешіміне қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін берілетін дәрілік заттар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|