Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелері туралы (2023.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Бас Прокурорының 2019.21.06. № 55 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.20.12. № 245 бұйрығымен (2023 ж. 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38, 40-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерінің 22, 27-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын қарау қағидалары; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясының құрылуы мен қызметінің қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауды; 3) Қазақстан Республикасының интернет-ресурстарына орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары және мекемелерінің қызметкерлеріне таныстыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|