Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығы (2019.04.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2019 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.04.02. № 58 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23-тармақшасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаны бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (М.Т. Санатова) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 969 «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3280-мен тіркелген) күшін жойды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2009.14.09. № 425 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.29.08. № 531 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.13.12. № 615 бұйрығымен (бұр.ред.қара) нысан жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген
Нысан
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|