Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 979 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Техникалық реттеу және метрология, Сауда комитеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 979 қаулысының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың уәкілетті органда мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|