Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектерін, сондай-ақ осындай сыйақыны төлеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 344 бұйрығымен күші жойылды
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен және ең жоғары шектері; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақыларын төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Мыналар: 1) «Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10808 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 мамырда жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 705 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14768 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 2017 жылғы 17 ақпанда жарияланған) 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|