Маңғыстау, Түпқараған аудандарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 96 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 01-43/549 және 2016 жылғы 13 қазандағы № 01-43/647 ұсыныстарының негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округіне қарасты «Ақниет» - 1 га, «Жайдары» - 1,5 га, «Науша» - 2 га шаруа қожалықтарында және дара кәсіпкер «Абдикеримова Гулбаршын Акимгалиевна» - 1,5 га, Түпқараған ауданының Қызылөзен ауылдық округіне қарасты дара кәсіпкер «Койшыгулова Е» - 3 га қауын шыбынымен, сондай-ақ Маңғыстау ауданының Жыңғылды ауылдық округінде - 1 га, Маңғыстау ауданының Шайыр ауылдық округінде - 0,5 га және Түпқараған ауданының «Қарағантүбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде - 3,4 га у кекіре - арамшөбімен залалданған карантинді объектісінің анықталуына байланысты, көрсетілген залалданған жер учаскелеріне карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін. 2. Қоса беріліп отырған карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.М. Әміржановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|