Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 Қаулысы (2019.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2019.31.12. № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында: 2-тармақтың тоғызыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте ЕДБ айналым қаражатын толықтыру мақсатына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының 50 %-дан аспайтын мөлшерін жіберуге құқылы. Бұл шектеу агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.»; 5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жобаларға 10 миллиард теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»; 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салықтық есептілік деректерінің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіруге қол жеткізу.»; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары: Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттерге кепілдік беруге жатады. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі: қоса алғанда 3 млрд. теңгеге дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан аспайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|