|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Өсімдіктер дүниесі туралы (2024.08.06. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 16 ақпандағы № 30-ө өкімін қараңыз
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 4-бап. Өсімдіктер дүниесіне меншік құқығы 7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 4-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ 12-бап. Өсімдіктер дүниесін және өсімдіктер өсетін жерлерді күзету 13-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеуді (тоқтата тұруды) белгілеу 14-бап. Өсімдіктер дүниесін өрттен күзету 15-бап. Өсімдіктер дүниесін қорғау 5-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ 17-бап. Өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру 18-бап. Өсімдіктер дүниесінің гендік қорын сақтау 6-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ИНТРОДУКЦИЯЛАУ, ЖЕРСІНДІРУ ЖӘНЕ БУДАНДАСТЫРУ 19-бап. Өсімдіктерді интродукциялау және (немесе) жерсіндіру 20-бап. Өсімдіктерді будандастыру 22-бап. Ботаникалық коллекциялар және өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары 8-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ТҮГЕНДЕУ, ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ 23-бап. Өсімдіктер дүниесін түгендеу 24-бап. Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі 25-бап. Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры 9-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУ 27-бап. Өсімдіктер дүниесін пайдалану түрлері 28-бап. Өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалану 30-бап. Өсімдіктер дүниесін мал шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану 31-бап. Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану 32-бап. Өсімдік ресурстарын пайдалану лимиттері 33-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы хабарламалар 34-бап. Хабарлама жасау тәртібі 35-бап. Жасыл екпелермен жұмыс істеу 37-бап. Шекаралық аймақта өсетін өсімдіктермен жұмыс істеу ерекшеліктері 39-бап. Су өсімдіктерінің таралуын реттеу ерекшеліктері 44-бап. Өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиянды өтеу 45-бап. Өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу 54-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы дауларды шешу 17-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 57-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі 58-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ботаникалық коллекция - ғылыми, білімдік, мәдени-тарихи, эстетикалық және өзге де құндылығы бар өсімдіктердің және (немесе) олардың бөліктерінің жүйеленген, құжатталған жинағы; 2) генетикалық эрозия - өсімдіктердің генетикалық ресурстарын ұтымсыз пайдалану мен тиісінше сақтамауды қоса алғанда, антропогендік қызметтен туындаған генетикалық әртүрлілікті жоғалту; 3) дақылдық өсімдіктер - азық-түліктік, жемшөптік, техникалық және өзге де мұқтаждар үшін арнайы өсірілетін өсімдіктер; 4) дақылдық өсімдіктердің жабайы тұқымдастары - генетикалық тұрғыдан дақылдық өсімдіктерге жақын, дақылға енгізуге немесе селекцияда пайдалануға жарамды жабайы өсетін өсімдіктер; 5) жабайы өсетін өсімдіктер - өздеріне етене табиғи жағдайларда өсетін және таралатын өсімдік түрлері; 6) жасыл екпелер - елді мекендердің аумақтарында қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық, әлеуметтік, эстетикалық және өзге де функцияларды орындайтын ағаш-бұта және шөптесін өсімдіктер екпелері; 7) өсімдіктер - тамырлы, мүк тәрізді өсімдіктер, балдырлар, сондай-ақ қыналар мен саңырауқұлақтар; 8) өсімдіктер дүниесі - табиғи жағдайларда өсетін, сондай-ақ белгілі бір аумақта қолдан отырғызылған өсімдік түрлерінің, олардың популяциялары мен қауымдастықтарының жиынтығы; 9) өсімдіктер дүниесін күзету - өсімдіктер дүниесін сақтау, өрттердің, өсімдіктер дүниесін заңсыз пайдаланудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын өзге де бұзушылықтардың профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жиынтығы; 10) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 11) өсімдіктер дүниесін қалпына келтіру - жабайы өсетін өсімдіктер популяцияларының, қауымдастықтарының сандық және сапалық сипаттамаларын тұрақтандыру және (немесе) қайтадан жасау жөніндегі іс-шаралар кешені; 12) өсімдіктер дүниесін қорғау - өсімдіктер дүниесін зиянкестерден, аурулардан, табиғи және антропогендік сипаттағы қолайсыз факторлардың әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралар кешені; 13) өсімдіктер дүниесін пайдалану - өсімдік ресурстарын пайдалану жөніндегі заңдық тұрғыдан регламенттелген қызмет; 14) өсімдіктер дүниесін пайдаланушы - осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға; 15) өсімдіктер қауымдастығы - белгілі бір түрлік құрамымен, құрылымымен, өсімдіктердің бір-бірімен және сыртқы орта факторларымен байланыстарымен сипатталатын өсімдіктердің орнықты жиынтығы; 16) өсімдіктер өсетін жер - өсімдік түрлерінің өсуі мен дамуы үшін табиғи жағдайы бар жер учаскесі немесе су объектісі; 17) өсімдіктер популяциясы - ортақ гендік қорға ие және белгілі бір аумақты алып жатқан өсімдіктердің бір түрінің дара нұсқалары жиынтығы; 18) өсімдіктер ресурстары - әртүрлі мұқтаждар үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары; 19) өсімдіктерді будандастыру - өсімдіктердің алуан түрлері жасушаларының генетикалық материалын біріктіруге негізделген будандарды қалыптастыру немесе алу процесі; 20) өсімдіктерді жерсіндіру - өсудің барлық даму сатысынан өтетін және өніп кете алатын тұқым беретін жаңа немесе өзгерген жағдайларына өсімдіктердің бейімделуі; 21) өсімдіктерді интродукциялау - өсімдіктердің түрлерін олардың табиғи өсетін жерлері мен мекендеу ортасының шегінен тыс жерге әдейі немесе кездейсоқ көшіру; 22) өсімдіктерді реинтродукциялау - өсімдіктердің белгілі бір түрін олардың бұрынғы табиғи өскен жерлері мен мекендеу ортасына көшіру; 23) өсімдіктердің бөтен текті түрі - аталған аумаққа тән емес, табиғи түрдегі өсімдіктер қауымдастықтарына енген жағдайда өсімдіктер дүниесіне зиян келтіруі мүмкін өсімдік түрі; 24) өсімдіктердің генетикалық банкі - өсімдіктердің генетикалық материалының үлгілерін күтіп-баптау үшін арнайы жабдықталған қойма; 25) өсімдіктердің генетикалық материалы - тұқым қуалаушылықтың функционалдық бірліктерін қамтитын, репродуктивтік және вегетативтік жолмен көбейетін материалдарды қоса алғанда, өсімдік тектес материал; 26) өсімдіктердің генетикалық ресурстары - нақты немесе әлеуетті құндылықты білдіретін өсімдіктердің генетикалық материалы; 27) өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциясы - бақыланатын жағдайларда сақталатын өсімдіктердің генетикалық материалы үлгілерінің жүйеленген, құжатталған жинағы; 28) реликтік өсімдіктер - жойылып кеткен, бұрын кең таралған флоралардан сақталып қалған өсімдік түрлері; 29) ресурстық зерттеп-қарау - белгілі бір аумақта өсімдіктердің жекелеген түрлері мен олардың қауымдастықтарының шикізат қорларын зерделеу және оларды алып қоюдың ықтимал көлемдерін айқындау жөніндегі ғылыми және іздестіру жұмыстарының кешені; 30) флора - белгілі бір аумақта таралған өсімдік түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы; 31) эндемиялық өсімдіктер - таралуы шектелген және өзге аумақтарда кездеспейтін өсімдік түрлері.
2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі. 3. Орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарының шекараларында орналасқан өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасының арнаулы заңнамасымен реттеледі. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халық аралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары 1) сан алуан түрдегі өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қатынастарды реттеуді қамтамасыз ету; 2) жабайы өсетін өсімдіктердің табиғи әртүрлілігі мен гендік қорын сақтау, оларды ұтымды пайдалану үшін құқықтық негіздер жасау Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары болып табылады. 1) мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету; 2) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі қызметті ғылыми қамтамасыз ету; 3) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету; 4) халықаралық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының міндеттері болып табылады. 3. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану мынадай қағидаттарға негізделеді: 1) қоршаған ортаның орнықтылығын және өмір сүру үшін қолайлы ортаны қамтамасыз ету факторы ретінде өсімдіктер дүниесін сақтаудың жалпы мемлекеттік маңыздылығы мен басымдығын тану; 2) өсімдік түрлерін, олардың популяциялары мен қауымдастықтарын басым түрде табиғи өсу жағдайында, сондай-ақ олар өсетін жерлерді орнықты сақтау; 3) өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану; 3-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді 4) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлену; 5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жазаның бұлтартпастығы; 6) өсімдіктер дүниесінің зияны мен шығындарын өтеу; 7) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі және жұртшылықтың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында шешімдер қабылдауға қатысуы.
4-бап. Өсімдіктер дүниесіне меншік құқығы Өсімдіктер дүниесі Қазақстан халқына тиесілі. Мемлекет Қазақстан халқының атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады. Жеке меншіктегі жерлерде өсетін өсімдіктерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеменшік субъектілері пайдалана алады.
2-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР СУБЪЕКТІЛЕРІ
5-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеу объектілері 1) жабайы өсетін өсімдіктер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары, оның ішінде: сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген; эндемиялық және реликтік; дәрілік; өзге де өсімдік түрлері; 2) дайындалған (жиналған) жабайы өсетін өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары; 4) ботаникалық коллекциялар және өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары; 5) өсімдіктер, олардың популяциялары мен қауымдастықтары өсетін жерлер өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеу объектілері (бұдан әрі - реттеу объектілері) болып табылады. 1) ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне; 2) үй жанындағы учаскелерде, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бақ шаруашылығына, саяжай құрылысына және бау-бақша шаруашылығына арналған учаскелерде өсетін өсімдіктерге қатысты қолданылмайды.
6-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері Жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құқықтық қатынастар субъектілері болып табылады.
7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 1. Жеке және заңды тұлғалардың: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және аумақтарды күзетудің ерекше режимі белгіленген мемлекеттік орман қорының учаскелерін қоспағанда, өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерге еркін баруға және онда болуға; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалануға; 3) осы Заңға сәйкес өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар. Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың: 1) дайындалған (жиналған) өсімдік ресурстарына, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін кірістерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуге де; 2) өсімдіктер дүниесін пайдаланушылардың құқықтарын бұзудан не мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан келтірілген залалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге де құқығы бар. 1) жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын жоюға және бүлдіруге, заңсыз жинауға жол бермеуге; 2) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларының талаптарын сақтауға және өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етуге жол бермеуге; 3) табиғи өсімдіктер қауымдастықтарының тұтастығын бұзбауға, олардың биологиялық әралуандығының сақталуына ықпал етуге; 4) өсімдіктер дүниесін пайдалану процесінде өзге табиғи объектілер жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге; 5) өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға; 6) өсімдіктер дүниесін пайдалануды жүзеге асыру кезінде өзге тұлғалардың құқықтарын бұзбауға міндетті. Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар: 1) жердің, су объектілерінің бекітіліп берілген учаскелерінде өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізуге де; 7-баптың 2-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізілді 2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес уақтылы енгізуге де міндетті. 3. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді атқарады.
3-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) өсімдіктер дүниесін иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын жүзеге асырады; 3) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесін бекітеді; 4) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылдайды және оларды алып қою көлемін бекітеді; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
9-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті 1) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 3) өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі мен мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 4) өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 5) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеуге арналған базалық мөлшерлемелерді бекітеді; 6) ботаникалық коллекцияларды, өсімдіктердің генетикалық ресурстары коллекцияларын қалыптастыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 7) жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығына шектеу (тоқтата тұру) белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8) өсімдіктер дүниесінің гендік қорымен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дәрілік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 11) табиғи өсетін, өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін жер учаскелерінің меншік иелеріне, жер пайдаланушылар мен су пайдаланушыларға күзетуге беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 12) эндемиялық және реликтік өсімдіктердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 13) өсімдік ресурстарының қорларына ресурстық зерттеп-қарауды жүргізу және оларды пайдалану лимиттерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы3-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының мақсаттары, міндеттері және қағидаттары4-бап. Өсімдіктер дүниесіне меншік құқығы 2-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР СУБЪЕКТІЛЕРІ5-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеу объектілері6-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құқықтық қатынастардың субъектілері7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері 3-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті9-бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдарының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті11-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы құзыреті 4-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ12-бап. Өсімдіктер дүниесін және өсімдіктер өсетін жерлерді күзету13-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеуді (тоқтата тұруды) белгілеу14-бап. Өсімдіктер дүниесін өрттен күзету15-бап. Өсімдіктер дүниесін қорғау16-бап. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген, эндемиялық және реликтік түрлерін күзету 5-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ6-тарау. ӨСІМДІКТЕРДІ ИНТРОДУКЦИЯЛАУ, ЖЕРСІНДІРУ ЖӘНЕ БУДАНДАСТЫРУ7-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР (ЖҰМЫСТАР)21-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласында ғылыми зерттеулерді (жұмыстарды) ұйымдастыру22-бап. Ботаникалық коллекциялар және өсімдіктердің генетикалық ресурстарының коллекциялары 8-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ТҮГЕНДЕУ, ОНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК КАДАСТРЫ23-бап. Өсімдіктер дүниесін түгендеу24-бап. Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік мониторингі25-бап. Өсімдіктер дүниесінің мемлекеттік кадастры26-бап. Өсімдіктер дүниесіне түгендеу жүргізу, мемлекеттік мониторинг және мемлекеттік кадастр жүргізу тәртібі 9-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУ27-бап. Өсімдіктер дүниесін пайдалану түрлері28-бап. Өсімдіктер дүниесін жеке және үй жағдайында қолдану үшін пайдалану29-бап. Өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық және туристік мақсаттар үшін пайдалану30-бап. Өсімдіктер дүниесін мал шаруашылығының мұқтаждары үшін пайдалану31-бап. Өсімдіктер дүниесін фармацевтикалық, азық-түліктік және техникалық мұқтаждар үшін пайдалану32-бап. Өсімдік ресурстарын пайдалану лимиттері 10-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАБАРЛАМАЛАР33-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы хабарламалар34-бап. Хабарлама жасау тәртібі 11-тарау. ЖАСЫЛ ЕКПЕЛЕР12-тарау. ЖЕРДІҢ ЖӘНЕ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖЕКЕЛЕГЕН УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ӨСЕТІН ӨСІМДІКТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ37-бап. Шекаралық аймақта өсетін өсімдіктермен жұмыс істеу ерекшеліктері38-бап. Радиоактивті және (немесе) химиялық ластануға ұшыраған жерлерде өсетін өсімдіктермен жұмыс істеу39-бап. Су өсімдіктерінің таралуын реттеу ерекшеліктері 13-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ40-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастық41-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы халықаралық алмасу (халықаралық сауда) 14-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІГІ42-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы реттеудің экономикалық тетігі43-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы іс-шараларды қаржыландыру44-бап. Өсімдіктер дүниесіне келтірілген зиянды өтеу45-бап. Өсімдіктер дүниесінің шығындарын өтеу 15-тарау. ЖАБАЙЫ ӨСЕТІН ӨСІМДІКТЕРДІ КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ46-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау47-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау субъектілері мен объектілері48-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеру түрлері49-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеруді жүзеге асыру тәртібі50-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері51-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары52-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды құқықтық және әлеуметтік қорғау53-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау 16-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ54-бап. Өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы дауларды шешу55-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық 17-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР |