Мүмкіндіктері шектеулі балалардың медициналық, оңалту, әлеуметтік көмек және білім беру қызметтерін алу құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 112-өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасының» 34-тармағын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлер арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Мүмкіндіктері шектеулі балалардың медициналық, оңалту, әлеуметтік көмек және білім беру қызметтерін алу құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ведомствоаралық жұмыс тобының өңірлерге шығу кестесі бекітілсін. 3. Жұмыс тобы мониторинг аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментіне және Жол картасын сүйемелдеу жөніндегі Жобалық кеңсеге өңірлерге шығу қорытындылары бойынша талдамалық ақпарат берсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау Бірінші вице-министрінің 2021 жылғы 15 шілдедегі № 421 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|