Қазақстан Республикасының әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әскери басқарудың жергілікті органдары туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы: 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын; 2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми веб-сайтына орналастырсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін. 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланылған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов 2016 жылғы 28 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы генерал-майор А. Күреңбеков 2016 жылғы 8 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры генерал-майор Ғ. Байжанов 2015 жылғы 29 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты В. Жұмақанов 2015 жылғы 14 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|