«Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру және сынақтан өткізу жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 104 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру және сынақтан өткізу жөніндегі Республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 104 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар сараптамасының нәтижелерін қарастыру және сынақтан өткізу жөніндегі Республикалық комиссияның (бұдан әрі - Республикалық комиссия) құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Б.С. Кәрімова) Республикалық комиссия мүшелерінің қызметіне оқу әдебиеттерін сараптамадан өткізуге қарастырылған (099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бағдарламасының 102 «Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы) қаржы есебінен ақы төлесін.». 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Республикалық комиссияның жұмысын ұйымдастырсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|