Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 10-4 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 7 шілдедегі; 2021 жылғы 12 шілдедегі; 21 шілдедегі; 16 тамыздағы; 24 тамыздағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32; «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36; «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулыларын;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;
COVID-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 20,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,925 құрағанын анықтадым.
Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африка» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорк») және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысына келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 28 тамыздан бастап 10 қыркүйекке дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;
2) 7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«7. Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО білім басқармасы, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО полиция департаменті, ШҚО кіріс департаменті:
1) «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес, білім беру объектілерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін»;
3) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы және қалалар мен аудандардағы филиалдары (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
1) «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысымен бекітілген «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін»;
4) 12-тармақтың 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен; технологиялық процестің үздіксіз циклімен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды орындауды және бақылауды:
2) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;
Вакцинацияланбаған немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу міндетті ПТР-тестілеуден кейін жүргізіледі;
3) міндетті ПТР-тестілеумен:
- вакцинацияланбаған жұмыскерлерге, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар жұмыскерлерге, вахталық кент шегінен тыс жүйелі түрде шығатын вахталық жұмыскерлерге - 7 күнде 1 рет жиілікпен;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін, барлық кезеңде вахтадан шықпайтын қызметкерлер - кезекті вахтаға келгенге дейін 1 рет (72 сағаттан кешіктірмей) және кезекті вахтаға келгенге дейін және вахтадан шыққанға дейін 5 күн бұрын жиілікпен өтуін қамтамасыз етеді»;
5) 15-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«15. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханалар:
1) тестілеуді эпидемиологиялық, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратындар міндетті түрде ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалында сапаны сыртқы бағалауға (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу)) жатады;
2) ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, оның облыстың қалалар мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларының (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), тегі бойынша тізімдерін және хабарламаларды, сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсынсын»;
6) Қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің: - «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 шілдедегі № 10-2;
- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 13 тамыздағы № 10-3 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы 28 тамыздан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
М.О.
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Қ. Турдиев |
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 10-4 қаулысына
1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 18 шілдедегі
№ 10 қаулысына
1-қосымша
Тәуекел аймағына байланысты («қызыл» аймақ) Шығыс Қазақстан облысының
әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеу және рұқсат беру
өлшемшарттары
№ | Объектілер / салалар | «ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚ |
1. | Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік объектілері: | Рұқсат етілген |
| - автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері | Рұқсат етілген |
| - ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу объектілері, кілттерді дайындау, «тұрмыстық үй» қағидаты бойынша қызметтер және т. б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, гүл сату дүкендері, фотосалондар, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ) | Рұқсат етілген |
| - ЖҚС (автожанармай құю станциялары) | Рұқсат етілген |
2. | Халыққа қызмет көрсету бойынша абоненттік бөлімдер | Рұқсат етілген |
3. | Тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жер астында жайғастыру және т.б.) қоспағанда, туристік компаниялар, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері) | Рұқсат етілген Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен). |
4. | Дәріханалар және дәріханалық бөлшек сауда желісі, оның ішінде сауда объектілерінде орналасқан дәріханалар | Рұқсат етілген |
5. | Амбулаториялық үлгідегі медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері) | Рұқсат етілген |
6. | Стационарлық сипаттағы қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері) | ✓ Рұқсат етілген Карантинді қамтамасыз ету және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау |
7. | Стоматологиялық медициналық орталықтар (кабинеттер) | ✓ Рұқсат етілген Алдын ала жазылу бойынша. |
8. | Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары | ✓ Рұқсат етілген Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету және сақтау. |
9. | Балалар түзету кабинеттері, секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін), 18 жасқа дейінгі адамдарды ерікті түрде тіркей отырып | ✓ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Топтар бір адамға 4 м2 есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан (ересектерден) аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша. |
10. | Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету орталықтары және сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар, маникюр және педикюр, массаж және татуаж кабинеттері (жазылу бойынша) | ✓ Рұқсат етілген 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2, алдын ала жазылу бойынша |
11. | Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары | Рұқсат етілген Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
12. | Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары | ✓ Рұқсат етілген Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, сенбі және жексенбі күндері - қызметіне тыйым салынған. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
13. | Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік сатпайтын базарлар | Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
14. | Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік сатпайтын базарлар | ✓ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. |
15. | Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 дейінгі сауда объектілері | ✓ Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және дәріхана желілерін, банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін болуға рұқсат етіледі. Сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейін болған кезде - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, тиісінше 8 адамға дейін. Сауда залының ауданы 100-ден 2000 м2 дейін болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. Жеткізуге шектеусіз. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды бір мезгілде сататын (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік тауарларын сатпайтын бөлімдердің жұмысына тыйым салынады. |
16. | Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 асатын сауда объектілері (Сауда үйлері, сауда орталықтары, СОО) | ✓ Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және дәріхана желілерін, банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін рұқсат етілген. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды бір мезгілде сататын (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік тауарларын сатпайтын бөлімдердің жұмысына тыйым салынады. Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде. Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру. Жеткізуге шектеусіз. |
17. | Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, оның ішінде зоодүкендер) | Рұқсат етілген Сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін болуға рұқсат етіледі. Сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін. Сауда залының ауданы 100 м2 астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2. Жеткізуге шектеусіз. |
18. | Демалыс күнгі ашық ауадағы ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелері | Рұқсат етілген |
19. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері / базалары, туристік базалар және т.б.) | ✓ Рұқсат етілген Номерлер қорының толтырылуы 80%-ға дейін |
20. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана** типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | ✓ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ отыратын орындар санын 30 орыннан асырмай. «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес жұмыс істей алады. |
21. | Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | Сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес жұмыс істей алады. |
22. | Жазғы алаңдар | ✓ 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген |
23. | Стрит-фудтар (отыратын орындарсыз жеке тұрған шатыр / ларек / дүңгіршек) | Рұқсат етілген, отыратын орындарсыз |
24. | Қоғамдық тамақтану объектілері: фудкорттар (сауда орталығындағы, қонақ үйдегі, әуежайдағы, вокзалдағы немесе кейбір жағдайларда келушілерге тамақтануға арналған ортақ залы бар бірнеше тамақтандыру кәсіпорындары бірден қызмет көрсететін жеке ғимараттардағы тамақтану аймағы) | Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін, тек тамақты алып кетуге ғана рұқсат етілген. Онлайн жеткізуге шектеусіз. |
25. | ХҚКО**** | Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Электрондық Үкімет порталы немесе 1414 Call-орталық арқылы кезекті алдын ала брондау бойынша жеке және заңды тұлғалар үшін Облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда ХҚКО кезекші бөлімшелерін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ұйымдастыруға жол беріледі. |
26. | «Қазпошта» АҚ филиалы мен оның бөлімшелері | ✓ Рұқсат етілген Уақыт бойынша шектеумен сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Қызметтерді барынша онлайн-форматта көрсету |
27. | Қаржы секторы субъектілері: екінші деңгейдегі банктер; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметін тек қана ҚР Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалар), ипотекалық ұйымдар; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары; сақтандыру брокерлері; құнды қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар; төлем ұйымдары, коллекторлық агенттіктер | ✓ Рұқсат етілген ҚР Ұлттық Банкі Төрағасы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірлескен актісінің (бұйрығының) талаптарын сақтаған кезде Екінші деңгейдегі банктер - уақыты бойынша шектеумен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді |
28. | Мектепке дейінгі балалар мекемелері / ұйымдары | ✓ Рұқсат етілген 15 адамға дейін жинақтау сақталған кезде кезекші топтар «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес жұмыс істей алады. |
29. | Орта білім беретін оқу орындары, оның ішінде лицей мәртебесімен | «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілген. |
30. | Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) жүйесінің мекемелері, ЖОО | «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілген. |
31. | Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда) *(сілтемені қараңыз) | ✓ 80% - қашықтықтан; 20% - көзбе-көз режим Міндеттерін қашықтықтан орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады. Ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және көзбе-көз жұмыс нысанында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19 ауырып сауыққан барлық қызметкерлердің көзбе-көз режимде жұмыс істеуіне жол беріледі. |
32. | Кеңестер (отырыстар) | ✓ Рұқсат етілген Көзбе-көз режимде өткізу (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) |
33. | Діни бірлестіктер объектілері (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) | ✓ Рұқсат етілген Жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізуге маскалық режим мен 1 (бір) адамға кемінде 4 м2 есебінен әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етілген. |
34. | Моншалар | Рұқсат етілген |
35. | Сауналар | ✓ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген. |
36. | Меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары | ✓ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген. Көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамға дейін) және топтық (қатысушылар саны 30 адамға дейін) жаттығуларды өткізу үшін. |
37. | Спорт кешендері, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері, бассейндер, йога орталықтарын қоса алғанда фитнес-орталықтар / клубтар, СПА орталықтары / салондары | ✓ Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген Толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 5 м2 болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 м2 қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша. |
38. | Көрермендермен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу Марафондар (ашық ауада) | Тыйым салынған |
39 | Ұлттық құрама, клубтық командалар, облыстық және аудандық командалар үшін спорттық жаттығулар (оқу-жаттығу жиындары) | ✓ Рұқсат етілген Адамдар саны 30-ға дейін, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру, көрермендерсіз Спортшылардың және жаттықтырушылар құрамының COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынылған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастау. |