2021-2025 жылдарға арналған халықтың кең ауқымына, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жоғары ұтқырлыққа және қолжетімділікке қарай қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 413 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 88-тармағына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған 2021-2025 жылдарға арналған халықтың кең ауқымына, оның ішінде ауылдық жерлерде тұратындарға медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жоғары ұтқырлыққа және қолжетімділікке қарай қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан - әрі Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелеріне және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармаларына жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|