Квота бөлу туралы (2021.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 7-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2021 жылға арналған квотаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шетелдік және маусымдық жұмыскерлердің санаттары бойынша; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еңбекші иммигранттарды тартуға бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын; 2) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына және Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Ж. Шапкеновке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.05.08. № 278 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|