Осы редакция 2019 жылғы 13 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2018.13.04. № 128 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 376 бұйрығына 3-қосымша
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.24.05. берілген өзгерістермен)
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11130 болып тіркелген) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет), Комитеттің аумақтық бөлімшелері, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті берушілер) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. Өтініштерді қабылдау: 1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру портал арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|