«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы (2019.08.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 8-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2043 жылға дейінгі кезеңге «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже, оның жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің сындарлы деңгейі бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 693 қаулысымен бекітілген
«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2019.08.05. № 266 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 4 субаймақ: ауданы 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы 1350,0 гектар әкімшілік іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өнеркәсіптік аймақтар кіреді. 1) Түркістан қаласын жеделдете дамыту; 2) Түркістан қаласының туристік әлеуетін жоғарылату және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасу мен келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; 3) туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру мақсаттарында құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|