«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қазандағы № 528 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 72 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 370 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 3-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрыққа 4-қосымша алынып тасталсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қазандағы № 528 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «28» тамыздағы № 370 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық басқару регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жобалық басқару регламенті (Регламент) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерді, ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлерін, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерін қоса алғанда, жобалық қызмет қатысушыларының өзара іс-қимылын көздейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|