2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (2021.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара); Түркістан облыстық мәслихатының 2021.19.03. № 3/22-VIІ шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 865 541 284 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 26 238 644 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 713 405 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 606 мың теңге; трансферттер түсiмi - 838 565 629 мың теңге; 2) шығындар - 888 256 013 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 13 210 760 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 37 744 296 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 24 533 536 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 233 036 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - - 36 158 525 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 36 158 525 мың теңге. Түркістан облыстық мәслихатының 2021.04.02. № 2/9-VIІ шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|