Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 20 Қаулысы
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2021 жылғы 26 тамыздағы хаттамасын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-АӘКД «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-АӘКД қаулысын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысын, «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 Қаулысын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында карантиндік шектеу іс-шаралары туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 13 қаулысында:
1) Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлерінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
2) 3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, 2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін»;
1) 3-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, критерийлер негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу, «Ashyq» жобасына қатысатын және «қызыл» аймақ бойынша Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандар қызметіне шектеу критерийлері болатын кәсіпкерлік объектілерін қоспағанда»;
2) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аудандар мен Петропавл қаласының әкімдері, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) өз құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін»;
2. Ішкі саясат басқармасы:
1) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын (таратсын);
2) 2 күн ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы қабылданған қосымша шаралар туралы халықты жаппай ақпараттандырсын;
3) өзгеріп отырған жағдайды ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Ә. Жұматаев |
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 20 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 26 мамырдағы
№ 13 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері
№ | Объектілер / салалар | «Қызыл» аймақ |
1. | Өнеркәсіп | Рұқсат беріледі |
2. | Құрылыс (үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | Рұқсат беріледі |
3. | Егіншілік пен балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | Рұқсат беріледі |
4. | Байланыссыз қызметтер (көлік жуу, автокөлік, тұрмыстық техника, сағаттар, телефондар, компьютерлер, аяқ киім жөндеу, тігін ательелері, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілттер жасау, тұрмыстық үй принципі бойынша қызмет көрсету және т.б.) | Рұқсат беріледі |
5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтерлік және консультациялық қызметтер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) | Рұқсат беріледі |
6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | Рұқсат беріледі |
7. | Медицина ұйымдары, дәріханалар | Рұқсат беріледі |
8. | Мұражайлар, кітапханалар | Рұқсат беріледі |
9. | Азық-түлік тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі |
10. | 2000 ш.м. дейін алаңы бар, азық-түлік емес тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі |
11. | 2000 ш.м. артық алаңы бар, азық-түлік емес тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі сағат 9.00-ден 18.00 дейін толымдығы 50% аспайтын |
12. | Балаларды түзету бөлмелері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары | Рұқсат беріледі 15 адамнан аспайтын топ жиналған кезде, алдын ала жазылу бойынша |
13. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызметтер (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі алдын ала жазылу бойынша |
14. | Базарлар | Рұқсат беріледі сенбі-жексенбі күндері жабық базарларға жұмыстарды тоқтата отырып |
15. | Халыққа тұрғын үй қызметтерін ұсыну саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторлық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлер / орталықтары, туристік орталықтар және т.б.) | Рұқсат беріледі толымдығы 80% аспаған жағдайда |
16. | Медициналық орталықтар, кеңселер, стоматология (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі алдын ала жазылу бойынша |
17. | Қоғамдық көлік | Рұқсат беріледі қарбалас уақытта автобустар санының артуы, барлық есіктердің ашылуы, отыру орындарының саны бойынша толтырылуы |
18. | Банктер, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері | Рұқсат беріледі сағат 9.00-ден 18.00 дейінгі уақыт бойынша шектеумен |
19. | ХҚКО | Рұқсат беріледі сағат 9.00-ден 18.00 дейінгі уақыт бойынша шектеумен |
20. | Мектепке дейінгі мекемелер | Рұқсат беріледі топтарды қосып іс-шаралар жүргізуге тыйым салынады |
21. | Ұйымдар, офистер | Рұқсат беріледі 80% - қашықтан режимі; 20% - күндізгі режим. Қызметкерлері COVID-19-қа қарсы вакцинациялау жасаған ұйымдар, кеңселер, қашықтықтан және толық жұмыс күнінде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық мөлшерлемесіне қойылатын талаптарды ескермей, іс-шаралар жүргізеді. Сонымен бірге, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-дан айыққан барлық қызметкерлерге толық жұмыс күнінде рұқсат етіледі. |
22. | Діни объектілер | Рұқсат беріледі жабық жерлерде ұжымдық іс-шаралар өткізбестен. |
23. | Мейрамхана, дәмхана және кофейня типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайларда) | Рұқсат беріледі 9-дан 20.00 сағатқа дейін жұмыс істеуге, толымдығы 50% дейін, бірақ 30 орыннан аспайды |
24. | Жазғы алаңдар | Рұқсат беріледі 9-дан 20.00 сағатқа дейін жұмыс істеуге, толымдығы 50% дейін, бірақ 30 орыннан аспайды |
25. | Асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | 9-дан 24.00 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі |
26. | Стрит-фудтар (бос тұрған шатыр / дүкеншік/ дүңгіршек / отыратын орын жоқ дүңгіршек) | Рұқсат беріледі |
27. | Фуд-корттар | Тыйым салу |
28. | Моншалар, сауналар | Рұқсат беріледі қоғамдық монша мен саунаның қызметіне. Жеке кабиналары жоқ, жалпы залы бар қоғамдық моншаларды қоспағанда, сенбі мен жексенбіде қоғамдық моншалар, сауналар қызметін тоқтата тұруды қамтамасыз ету |
29. | СПА-орталықтар, бассейндер | Сенбі, жексенбіден басқа күндері рұқсат етілген |
30. | Аквапарк | Тыйым салу |
31. | Қалааралық / облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | Тыйым салу |
32. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және йога-орталықтарын қоса фитнес орталықтары | Сенбі, жексенбіден басқа күндері рұқсат етілген |
33. | СОСО, сауда үйлері, сауда желілері | Сенбі және жексенбіде жұмысты тоқтата отырып, жұмыс күнінің қалыпты жұмысына рұқсат етіледі (азық-түлік сататын дүкендерде, дәріханаларда орналасқандарын қоспағанда) |
34. | Мәдени нысандар (дайындық) | Тыйым салу |
35. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | Тыйым салу |
36. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Тыйым салу |
37. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Тыйым салу |
38. | Бильярд орындары | Тыйым салу |
39. | Компьютер клубтары, PlayStation клубтарын қоса | Тыйым салу |
40. | Боулинг | Тыйым салу |
41. | Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) | Тыйым салу |
42. | Ашық аспан астындағы аттракциондар | Рұқсат беріледі |
43. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу | Тыйым салу |
44. | Банкет залдары (еске алу шараларын өткізу) | Тыйым салу |
45. | Банкет залдары (мейрамхана және дәмхана типі бойынша қызмет көрсету) | Тыйым салу |
46. | Түнгі және ойын клубтары | Тыйым салу |
47. | Караоке | Тыйым салу |
48. | Әсерлі, бұқаралық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, отбасылық, еске алу шаралары | Тыйым салу |
49. | Көрмелер | Тыйым салу |
50. | Лотерей клубтары және лотерейлер сататын басқа орындар | Тыйым салу |
51. | Букмекерлік кеңселер | Тыйым салу |