Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 және «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 737 Қаулысы
2-тармаққа сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде: 8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары (бұдан әрі - Комиссар) өз қызметін жүзеге асырады.»; 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Комиссардың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»; 20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Комиссар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.»; мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: «21-1. Комиссардың өкілеттігі: 1) ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі - көрме) ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|