Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi (2023.27.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2005.08.09. № 905 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң бес, оның iшінде бiр бiрiнші орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөнiндегі комитетi оның функциялары мен мүлiгi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне берiле отырып таратылсын. 4. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.08. № 516 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.22.10. № 986 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.13.03. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.03. № 168 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Министрлік) сыртқы саяси қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын, сондай-ақ инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|