Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдардың мәселелері (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 19 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы» және «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» (бұдан әрі - орталық) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні: 1) білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру; 2) білім саласында, оның ішінде 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу; 3) білім беру жүйесін, оның ішінде 12 жылдық білім беру мазмұнының теориясын реформалауды әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету; 4) білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру болып белгілесін. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын және орталықтың жарғысына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін; 2) әділет органдарында кәсіпорынның тіркелуін және орталықтың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 365 қаулысымен бкітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1850 қаулысында: тақырыбында және 1-тармағында «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» деген сөздер «Ұлттық тестілеу орталығы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын. 3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірлері 40 және 41-жолдар алынып тасталсын; реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын: «43. Ұлттық тестілеу орталығы»; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-10-жолмен толықтырылсын: «77-10. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы». 4. ҚР Үкіметінің 2010.09.11. № 1177 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|