Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен Екiншi деңгейдегi банктер несие берушiлерiнiң мүдделерiне қорғауды күшейту және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат): 86-бап: мынадай мазмұндағы жаңа 6-тармақпен толықтырылсын: "6. Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде заңда белгiленген тәртiппен есептелген капиталдың терiс мөлшерi бар болған жағдайда заң актілерінде олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемелерi көзделуi мүмкiн"; 6-тармақ 7-тармақ деп есептелсiн. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серiктестерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 7, 49-құжат; № 15-16, 109-құжат): 57-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: "5. Банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерi несие берушiлерiнiң мүдделерiне қорғау және Республиканың банк жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында оларға мәжбүрлеу шараларын (санкциялар) қолданудың ерекшелiктерi, банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiнде капиталдың терiс мөлшерi бар болған жағдайларда олардың мүлкiнiң құқықтық режимiн өзгертудiң негiздемелерi мен шарттары банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерi туралы қолданылып жүрген заңдармен белгiленедi". 71-баптың 4-тармағындағы "жыл қорытындысы бойынша" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|