|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары ҚР Үкіметінің 02.03.00 ж. № 347 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 5 наурыздағы № 206 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1786 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 56, 505-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің су ресурстары жөніндегі облыстық комитеттерін су шаруашылығы жөніндегі кәсіпорындар етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 1359 қаулысының 5-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 463-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 мамырдағы № 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгерді 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі құзыретiнiң шегiнде су ресурстарын пайдалану аясында арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. Комитеттiң Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Семей, Тараз қалаларында аумақтық органдары - бассейндiк су шаруашылығы басқармалары бар. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, ?кіметінiң актілеріне, өзге да нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi және мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитетке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, онда оның мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндетті күшi бар бұйрықтар шығарады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда 5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi. 6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Можайск көшесi, 28-а. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң Су ресурстары жөнiндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитетке өз функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заң актілерімен табыс әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен түскен табыс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Комитеттiң негізгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) мелиорация және су шаруашылығы саласында мемлекеттік ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты әзiрлеу мен iске асыруға, мелиорация және су шаруашылығының, су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғалуының және өзге де даму бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу; 2) су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуына, арнайы су пайдалануға рұқсат беру шарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау жасау; 3) халықтың және экономика салаларының суға деген қажеттілігiн қамтамасыз ету үшiн судың пайдаланылуын су қорларының сақталуын және суды ластанудан, қоқыстану мен сарқылудан қорғауды, өзендердiң, көлдер мен су қоймаларының жай-күйiн жақсартуды реттеу; 4) су ресурстарының пайдаланылуының нормативтiк құқықтық актілерін және экономикалық тетiктерiн жетiлдiру болып табылады. 11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердiң, басым бағыттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады; 2) су ресурстарының пайдаланылуына және су қорының қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 3) халықтың және экономика салаларының суға деген қажеттілігiн қамтамасыз ету үшiн су ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын, экологиялық талаптарды ескере отырып оның кешендi пайдаланылуына және суды ластанудан, қоқыстану мен сарқылудан қорғауды, өзендердiң, көлдер мен су қоймаларының жай-күйiн жақсартуды реттейдi; 4) табиғат қорғау органдарымен келiсе отырып жерүсті су көздерiнен арнайы су пайдалануға рұқсат бередi және жерасты су көздерiнен арнайы су пайдалануға рұқсат берудi келiседi; 5) ұйымдар мен объектiлердi салу, қайта жаңарту, ұйымдар мен ғимараттарды орналастыру жобаларын келiсу кезiнде суды пайдаланудың барлық түрлерiне техникалық шарттар бередi; 6) су шаруашылығы объектiлерiнiң жұмыс режимiн реттейдi, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекетаралық, салааралық және облысаралық мақсаттағы су қоймаларын, бөгендердiң, гидротораптардың, каналдар мен су құбырларының және тiкелей су көздерiне орналасқан басқа да объектiлердiң пайдаланылуын ұйымдастырады; 7) қысқа мерзiмдi және перспективалық су шаруашылығы баланстарын, өзен бассейндерi мен аумақтар үшiн су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын әзiрлейдi, ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарына қатысады; 8) жер қойнауын қорғау және гидрометеорология органдарымен бiрлесiп суды мемлекеттік есепке алуды, су ресурстарына мониторинг, сондай-ақ мемлекеттік су кадастрiн жүргiзедi; 9) экономика салаларында және коммуналдық-тұрмыстық секторда су тұтыну нормаларын, мемлекеттік табиғат, балық қорын қорғау санитарлық қадағалау органдарымен және басқа да мүдделi мемлекеттік органдармен келiсе отырып кешендi мақсаттағы су қоймаларын пайдалану ережелерiн бекiтедi; 10) су шаруашылығының, су ресурстарын пайдалану және қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік органдармен өзара iс-қимыл жасайды; 11) су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыстарға қатысады, су объектiлерi мен су ресурстарының жәй-күйiне әсер ететiн су шаруашылығы ғимараттарының және құрылыс салу, арна түбін тереңдету мен өзге де жұмыстар жүргiзу жобаларын келiседi; 12) шекарааралық суларды және мемлекетаралық су ағатын арналарды бiрлесiп пайдалану мен қорғау мәселелерi бойынша iргелес мемлекеттердiң мемлекеттік су шаруашылығын басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды; 13) мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын жасауға қатысады, инвестицияны су шаруашылығына тартуға және пайдалануға ықпал етедi; 14) өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 12. Комитеттiң негізгi мiндеттердi iске асыруы және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыруы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) бұйрықтар шығаруға, өз құзыретiнiң шегiнде Комитетке ведомстволық бағыныстағы аумақтық органдарға, республикалық мемлекеттік кәсiпорындарға нұсқаулар беруге және оның орындалуын тексеруге; 2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстарды әзiрлеуге және енгiзуге; 3) министрлiктердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың су ресурстарын бөлудi, пайдалануды және арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе, бұл құжаттардың күшiн тоқтату немесе жою жөнiнде ұсыныс енгізуге; 4) су ресурстарының, объектiлерiнiң және суармалы жерлердiң жай-күйi, олардың пайдаланылу мәселелерi жөнінде тиiстi мемлекеттік органдардан және өзге де заңды тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға, қажет болғанда оларға осындай ақпарат беруге; 5) заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Комитеттiң мүлкi 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14. Комитетке бекiтіліп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитет өзiне бекітіліп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ Комитетке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк жасау құқығы берiлуi мүмкін. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының ?кіметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет төрағасының, оның ұсынуы бойынша, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. 17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функциясын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi. 18. Төраға осы мақсатта: 1) өз орынбасарының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейді; 2) заңдарға сәйкес Комитеттің қызметкерлерін аумақтық органдардың басшыларын және ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңдарда белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; 6) мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді; 7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 19. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 536 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің құрылымы Су ресурстары бөлімі Мелиорация, су шаруашылығының құрылыстары және инвестициялар бөлімі Экономикалық мониторинг және реформалар бөлімі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |