Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетiлдiру және олардың құзыретiн нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығы мен "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Су ресурстары жөніндегі комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Су ресурстары жөнiндегі комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен бұрынғы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетiнiң мүлкiн 1999 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарауына берсiн. ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1267 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. "Арал" салынып жатқан кәсiпорындардың Қызылорда бiрiккен дирекциясы" мемлекеттік кәсiпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорынға жатқызылсын және Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзiлсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|