|
|
|
ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына 1. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы Нұсқаулық Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының мемлекеттік кадастрын (бұдан әрi - Кадастр) әзiрлеудiң, жүргiзудiң, шығарудың, таратудың, өзгерістер енгізудiң және сақтаудың ережесін белгiлейдi. Азаматтық және қызметтiк қарудың және оған оқтардың мемлекеттік кадастрын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2002 ж. 25 желтоқсандағы № 1367 қаулысын қараңыз 2. Кадастрға Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн немесе шетелге әкетiлетiн жүздi және лақтырылатын суық қарулар туралы, сондай-ақ азаматтық қарудың сирек даналары туралы мәлiметтер енгiзiлмейдi. 3. Кадастр мынадай бөлiмдерден тұрады: 1) отандық өндiрiстiң азаматтық қаруы мен оның патрондары; 2) шетелдiк өндiрiстiң азаматтық қаруы мен оның патрондары; 3) қызметтiк қару мен оның патрондары; 4) тек экспорттау үшiн ғана жасалатын қару мен оның патрондары; 5) қару өндiру кезiнде технологиялық мақсаттарда пайдалануға арналған сынақтық, үлгiлiк және басқа да патрондар. 4. Кадастрдың бөлiмдерiн құруды Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi айқындайды. Кадастрға қару мен патрондар туралы мынадай мәлiметтер енгiзiледi: 1) отандық өндiрiс шығарған: қару мен пайдаланылатын патрондар моделiнiң (патрондар үлгiсiнiң) атауы мен белгiленуi; қару мен патрондардың негiзгi техникалық көрсеткiштерi; әзiрлеушi мен жасап шығарушының атауы; ол бойынша қарулар (патрондар) жасалатын (сыналатын) нормативтiк құжаттың белгiленуi мен атауы; сынақ жүргiзген ұйым (зертхана); үлгiсiнiң түрлi-түстi фотосуретi; 2) шетелдiк өндiрiс шығарған: қару мен пайдаланылатын патрондар моделiнiң (патрондар үлгiсiнiң) атауы мен белгiленуi; қару мен патрондардың негiзгi техникалық көрсеткiштерi; қару мен патрондарды жасап шығарушы елдiң және фирманың атауы; түрлi-түстi фотосуретi; сертификаттық сынақ жүргiзген орган (зертхана) (егер ол Қазақстан Республикасында жүргiзiлген болса). Шетелдiк өндiрiстен шыққан қару мен патрондар туралы қосымша мәлiметтер ретiнде қарудың жасалу нұсқалары, таңбалануы, сатушы-фирма, техникалық сипаттамасы және т.б. енгiзiлуi мүмкiн. 5. Кадастрға енгiзiлетiн қару мен патрондардың негiзгi техникалық көрсеткiштерiнiң номенклатурасы қарудың осы түрiне арналған нормативтік құжаттармен айқындалады. Отандық қарудың әр моделiне тiркеу нөмiрi берiледi. 6. Қарудың моделiн (патронның үлгiсiн) Кадастрға енгізу жөніндегі жұмыстың төлемiн өтiнiш иесi жүргiзедi. 7. Азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондары туралы мәлiметтердi Кадастрға енгізу оларды мiндетті түрде сертификаттау нәтижелерiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Мiндеттi түрде сертификаттауға Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн және Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының барлық моделi жатады. 8. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігімен келісім бойынша азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сертификаттау жөніндегі органдарды (зертханаларды) белгiленген ережеге сәйкес тiркейдi. Қарудың және оның патрондарының техникалық талаптары мен сынақ әдiстерi қолданыстағы нормативтiк құжаттармен айқындалады. Қару мен оның патрондарын сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргiзудi ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 9. Әкелiнетiн қару мен оның патрондарына мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі ақпарат iлесе жүруi тиiс. 10. Кадастрға азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарының ұсынылатын моделiнiң мәлiметтерiн енгізу отандық өндiрiстiң қаруы мен патрондарын жасап шығарушы, не отандық және шетелдiк өндiрiстiң қаруы мен патрондарын әкетудi және Қазақстан Республикасының аумағына әкелудi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады. Өтiнiш иесi сертификаттау жөніндегі органға осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген мәлiметтердi, сондай-ақ қарудың немесе патрондардың жинақтау сызбасын (жинау схемасын) - ұсынылатын қарудың (патрондардың) сертификаттау жөніндегі белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжаттарды, қарудың немесе патрондардың паспортын ұсынуы тиiс. Сертификаттық сынақтарды жүргiзу үшiн қарудың не патрондардың үлгiлерi ұсынылады. 11. Сертификаттық сынақтардың, ұсынылған мәлiметтердi, құжаттарды және қарудың немесе патрондардың үлгiлерiн тексерудің нәтижелері негiзiнде сертификаттау жөніндегі орган бұйымдарды қаруға немесе патрондарға не конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға жатқызу туралы шешім қабылдайды және өтiнiш иесіне Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi белгілеген нысан бойынша сәйкестiк сертификатын бередi. Сәйкестiк сертификаты қару мен оның патрондарының Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымы үшiн негiз болып табылады. 12. Сертификаттау жөніндегі орган қару моделiне (патрондардың үлгiлерiне) екi данадағы iстi құрайды және оның бір данасын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертиФикаттау жөніндегі комитетiне ұсынады. Iсте жинақталатын құжаттардың тiзбесi мен нысанын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті айқындайды. 13. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті азаматтық, қызметтік қару мен патрондары модельдерiнiң тізбесін (бұдан әрi - тiзбе) жасайды, олар туралы мәлiметтер Кадастрға енгiзiледi және Кадастрдан шығарылады, қарудың моделiне (патронның үлгiсiне) Кадастрдың тiркеу нөмiрiн бередi және тiзбенi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң қарауына ұсынады. Тiзбенi әзiрлеудiң тәртібін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасының Iшкi Істер министрлігімен бiрлесiп айқындайды. Қарудың моделiн (патронның үлгiсiн) тiзбеге енгізуден бас тарту жағдайында және сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтатудың қажеттiлiгi кезiнде Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi ол туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне және сертификаттау жөніндегі органға, шешiм қабылданғаннан кейiн, 10 күндiк мерзiмде жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. 14. Тiзбенi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Iшкi Iстер министрлігімен бiрлесiп бекiтедi. 15. Кадастрды Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi тiзбенiң негiзiнде қағаз және магниттiк көздерде әзiрлейдi. Кадастрға өзгерістердi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi тiзбе бекітілгеннен кейiн үш ай iшiнде енгiзедi. 16. Кадастрды Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi тiзбенiң негiзiнде басып шығарады және қағаз және магниттiк көздерде таратады. Кадастрға енгiзiлген өзгерістердi Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi белгiленген тәртiппен жариялайды. 17. Кадастрды жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 18. Кадастрдың түпнұсқасы және бақылау даналары, оған енгізiлген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қарудың модельдерiн (патрондардың үлгiлерiн) Кадастрға енгізу туралы құжаттар мемлекеттік стандарт iстерiн сақтаудың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетiнде сақталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |