|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Отбасы үлгiсіндегі балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы 2000 ж. 13 желтоқсандағы № 113-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен тақырыбына орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi 2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары 4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар 5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру және тәрбиелену құқығы 6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы 7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы 8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы 9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы 10-бап. Тәрбиеленушінің әлеуметтік төлемдерге құқығы 3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы) 11-бап. Балалар ауылындағы отбасы 12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi 13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару 14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар 15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу 16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң тәртібі 17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шарт 20-бап. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi 21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары 4-тарау. Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы) 23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi 24-бап. Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтетін адамдардың санаттары 25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi 26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың өкiлдiгi 27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттілігi 30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi 31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату 32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы 33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттік кепiлдiктер
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша: «Жасөспірімдер үйлерінің», «Жасөспірімдер үйлерінде», «Жасөспірімдер үйлері», «Жасөспірімдер үйлерін», «Жасөспірімдер үйлерінен», «Жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздер тиісінше «жасөспірімдер үйлерінің», «жасөспірімдер үйлерінде», «жасөспірімдер үйлері», «жасөспірімдер үйлерін», «жасөспірімдер үйлерінен», «жасөспірімдер үйлеріне» деген сөздермен ауыстырылды; «18 жасқа», «жасы 23-ке», «23 жасқа», «16 жастан», «18 жастан» деген сөздер тиісінше «он сегіз жасқа», «жиырма үш жасқа», «он алты жастан», «он сегіз жастан» деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; «білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «Білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті орган», «уәкілетті білім беру органы» деген сөздер тиісінше «білім беру саласындағы уәкілетті орган», «Білім беру саласындағы уәкілетті орган», «білім беру саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен білім берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарының және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды. 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiнде бағып-күтiлуiне, тәрбиеленуiне, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берумен қамтамасыз етiлуiне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 2. Осы Заңмен реттелмеген қатынастарға өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң нормалары қолданылады. 2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдарында және Жасөспiрiмдер үйлерiнде тәрбиеленушi-балалардың бағып-күтiлуiн, тәрбиеленуiн, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берумен қамтамасыз етiлуiн реттейтiн заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. 2. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады және халықаралық шартқа орай оның қолданылуы үшiн Қазақстан Республикасының Заңын шығару талап етiлетiн жағдайлардан басқа реттерде тiкелей қолданылады. 3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Заң адамгершiлiк, әдiлеттілік, жеке адамның еркiн дамуы, тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн басымдылықпен қорғау, балалар ауылы және Жасөспiрiмдер үйлерi отбасы мүшелерiнiң өзара көмек және қолдау көрсету принциптерiне негiзделедi. 2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етуге тиiс: 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау; 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету; 3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу; 4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету; 5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары
2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар (тәрбиеленушiлер): 1) жетiм балалар - ата-анасының екеуi де немесе жалғызiлiктi шешесi (әкесi) қайтыс болған он сегіз жасқа дейiнгi балалар; 2) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар ата-аналарының ата-ана құқығы шектелуiне немесе ата-ана құқығынан айырылуына, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, олар қайтыс болған деп жариялануына, iс-әрекетке қабiлетсiз (iс-әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-аналарының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүруiне, ата-аналарының балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, соның iшiнде ата-аналардың тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен өз балаларын алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-ана қамқорлығы болмауының өзге де жағдайларында жалғызiлiктi шешесiнiң (әкесiнiң) немесе ата-анасының екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған он сегіз жасқа дейiнгi балалар. 5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру және тәрбиелену құқығы 1. Әрбiр тәрбиеленушi өзi он сегiз жасқа толғанға дейiн балалар ауылы отбасында тұруға және тәрбиеленуге құқылы. 1) өзiнiң адамдық қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне; 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тәрбиешi-ана тарапынан қамқорлық көруiне және онымен бiрге тұруға құқығы бар. 3) 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы 1. Тәрбиеленушi отбасында өзiнiң мүдделерiне қатысты кез келген мәселенi шешу кезiнде өз пiкiрiн бiлдiруге құқылы. 2. Тәрбиеленушi өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты кез келген сот iсiн немесе әкiмшiлiк iстi қарау барысында сөзiн тыңдатуға құқылы. Жасы онға толған тәрбиеленушi пiкiрiнiң, бұл оның мүдделерiне қайшы келетiн реттердi қоспағанда, ескерiлуi мiндеттi. Тәрбиеленушiнiң пiкiрi: 1) тәрбиешi-ана білім беру мекемесiн және оқыту нысанын таңдаған кезде; 2) тәрбиешi-ана отбасылық тәрбие мен білім беруге қатысты мәселелердi шешкен кезде; 3) сот баланы тәрбиешi-анадан өз ата-анасына қайтару туралы олардың талаптарын қараған кезде; 4) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын қалпына келтiру туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда; 5) сот баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеудiң күшiн жою туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда ескерiледi. 7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Балалар ауылының тәрбиеленушiсiнiң өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды балалар ауылының әкiмшiлiгi, қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот, сондай-ақ өз құзыреті шегінде ішкі істер органдары мен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады. 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана тарапынан қиянат жасалуынан қорғалуға құқығы бар. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған, соның iшiнде балалар ауылының әкiмшiлiгi, сондай-ақ тәрбиешi-ана оны бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім алу жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерiн орындамаған немесе дұрыс орындамаған не олар өз құқықтарын асыра пайдаланған жағдайда, бала өз құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғаннан кейiн - сотқа өз бетiнше өтiнiш жасауға құқылы. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қатер төнгенi туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылғандығы туралы мәлiм болған ұйымдардың лауазымды адамдары және адамдар бұл жөнiнде баланың нақты орналасқан жеріндегі қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға мiндеттi. Мұндай мәлiметтердi алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi. 8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Тәрбиеленушi балалар ауылында болған бүкiл кезеңде тұрғын үйдің басқа да меншік иелерiмен бiрге ортақ меншiкке құқығын сақтайды. Ортақ меншіктегі, оның iшiнде балалар ауылы тәрбиеленушiсiнiң де меншiгiндегi тұрғын үйдi иелiктен айырудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ата-аналарынан, туыстарынан немесе басқа адамдардан өзiне мұрагерлiк немесе сыйға тарту тәртібімен және басқа да заңды негiзде ауысқан тұрғын үйге меншiк құқығы бар тәрбиеленушi балалар ауылында болған барлық кезеңде оған құқығын сақтайды. 3. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй тәрбиеленушiге ол балалар ауылында болған барлық уақыт iшiнде сақталады. 4. Тұрғын үйi жоқ тәрбиеленушi балалар ауылында болуы аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқылы. 9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы Тәрбиеленушiнiң: 1) өзi сыйға тарту, мұрагерлiк тәртібімен және басқа заңды негiзде алған мүлiкке; 2) банк салымынан проценттер түрiнде алынған табыстарға; 3) өзiне тиесiлi тұрғын үйдi жалға беруден алынған табыстарға; 4) шығармашылық, кәсiптiк, еңбек және өзге де қызметтен түскен табыстарға меншiк құқығы сақталады. 2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Тәрбиеленушінің әлеуметтік төлемдерге құқығы 1. Тәрбиеленушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерге, сондай-ақ ата-анасынан алынатын өзіне тиесілі алименттерге құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиеленушіге тағайындалған жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдер, сондай-ақ тәрбиеленушіні бағып-күтуге ата-анасынан өндіріп алынатын қаражат тәрбиеленушіге жазбаша хабар беріле отырып, оның атына банк шоттарына аударылуға тиіс. Балалар ауылдарының әкімшілігі мен тәрбиеші-аналарының алименттерден, жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерден түскен қаражатты тәрбиеленушілердің банк шоттарынан алуға құқығы жоқ.
3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы)
11-бап. Балалар ауылындағы отбасы 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Балалар ауылындағы отбасы - балаларды тәрбиелеудiң жаңа нысанынан туындайтын, отбасылық қатынастарды нығайтуға және еңбек дағдыларын сiңiруге, оқыту мен тәрбиелеуге жәрдемдесуге бағытталған жеке мүлiктiк емес құқықтармен және мiндеттермен байланысты адамдар тобы (тәрбиеші-ана, тәрбиеленушілер). 2. Балалар ауылында балаларды бағып-күтудi және тәрбиелеудi білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен конкурстық iрiктеуден өткен тәрбиешi-ана отбасында жүзеге асырады. 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Балалар ауылындағы отбасы туралы ереженi білім беру саласындағы уәкілетті орган бекiтедi.
12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Балалар ауылы - тәрбиеленушi балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және осы Заңмен белгiленген функцияларды орындау үшiн коммерциялық емес ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға. Мемлекет Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жергiлiктi атқарушы органдар арқылы балалар ауылының құрылтайшысы бола алады. 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Балалар ауылының пәтер үлгісіндегі тұрғын үй-жайлар, әкімшілік ғимараттар мен отбасылардың тұруына арналған құрылысжайлар, сондай-ақ үй іргесіндегі және қосалқы (үй) шаруашылық орналасқан оқшауланған аумағы болады, оның ең аз мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Балалар ауылы, әрқайсысында жасы он сегiзге дейiнгi жетiден он тәрбиеленушi балаға дейiн тұратын және тәрбиеленетiн бiрнеше отбасынан, сондай-ақ белгiлi бiр кезеңде жиырма үш жасқа дейiнгi балалар үйлерiнiң, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерi мен балалар ауылының тәрбиеленушiлерi тұруға арналған Жасөспiрiмдер үйлерiнен тұрады. 4. Балалар ауылы, әдетте, шағын және орташа қалаларда, селолық елдi мекендер мен iрi қалалар маңындағы аймақтарда орналасады. 13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 1. Балалар ауылының қызметiн басқаруды балалар ауылының құрылтайшысы оның Жарғысына сәйкес тағайындайтын әкiмшiлiк жүзеге асырады. 2. Балалар ауылы әкiмшiлiгiнiң негiзгi қызметiне: 1) балалар ауылының жұмыс iстеуiне қалыпты жағдай жасау және Жасөспiрiмдер үйлерiнiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету; 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) тәрбие процесіне басшылық жасау, оқуды бақылау; 3) балалар ауылының инфрақұрылымын жетiлдiру; 4) балалар ауылына келiп түскен қаражатты материалдық қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тәрбиешi-аналардың арасында бөлу; 5) тәрбиешi-аналардың, Жасөспiрiмдер үйлерi директорларының ай сайынғы қаржы есептерiн қабылдау және талдау жатады. 3. Балалар ауылының әкiмшiлiгi туралы ереженi білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтедi. 14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Жиырма жеті жасқа толған, жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білімі бар, некеде тұрмайтын, өзінің кәмелетке толмаған не асырап алған балалары жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары: 1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп таныған адамдарды; 2) сот ата-ана құқығынан айырған немесе сот арқылы ата-ана құқығы шектелген адамдарды; 3) өзiне заңмен жүктелген мiндеттердi дұрыс орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiнен шеттетiлгендердi; 4) бұрынғы бала асырап алушыларды, егер өздерiнiң кiнәсiнен олардың бала асырап алушылығы жағдайын сот жойған болса; 5) сотталғандығы бар адамдарды; 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) денсаулық жағдайына қарай бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыра алмайтын адамдарды қоспағанда, тәрбиеші-ана бола алады. Адамның тәрбиелеуге бала қабылдап алуға болмайтын аурулар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Бiлiм беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган тәрбиешi-аналардың біліктілік санаттарын әзiрлейдi және белгiлейдi. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалардың мүдделерін неғұрлым толығырақ қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдардың конкурстық іріктеуден өткен тәрбиеші-аналардың кадр резерві болуы мүмкін.
15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу 1. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеудi балалар ауылы әкiмшiлiгi өкiлiнiң қатысуымен, қорғаншы және қамқоршы органдардың жолдамасы негiзiнде тәрбиешi-ана жүзеге асырады. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеген кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оған мұрагерлiк, сыйға тарту тәртібімен немесе басқа да заңды негiздер бойынша берiлген мүлiктiң бар екендiгiн анықтауға және балалардың мүлiкке құқығын қорғаудың және осы мүліктi сақтаудың тиiстi шараларын қолдануға мiндеттi (заң бойынша балаларға мұрагерлiкке өтуге тиiс мүлiктi анықтау, сақтау және басқару; мүлiктi заңсыз иеленген тұлғалардан оны талап ету; борышқорлардан ақшаны өндiрiп алу және басқалары). 3. Егер балалар ауылына берiлген балалардың басқа жерде тұрған мүлкi болса, онда бұл мүлiктi қорғауды мүлiк тұрған жердегi Қорғаншы және Қамқоршы орган жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олар мүлiкке қорғаншы тағайындауы мүмкiн. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Ақшалай сомалар тәрбиеленушінің банк шотына салынады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттар балалар ауылының әкімшілігінде сақталады. Шоттың бар екендігі туралы құжаттардың көшірмелері тәрбиеші-анаға беріледі.
16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң тәртібі 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Балаларды отбасында бағып-күту, тәрбиелеу, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берумен қамтамасыз ету тәрбиеші-ана, балалар ауылының әкімшілігі мен қорғаншы және қамқоршы орган арасында жасалған балаларды беру туралы шарт негiзiнде жүзеге асырылады. Балаларды балалар ауылы отбасына беру туралы үлгi шартты білім беру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiтедi. 2. Балаларды отбасына берген кезде қорғаншы және қамқоршы орган олардың мүдделерiн басшылыққа алады. Балаларды отбасына беру олардың пiкiрi және тәрбиешi-аналардың тiлегi ескерiле отырып жүзеге асырылады. Он жасқа толған балалар, балалар ауылы отбасына, олардың келісімiмен берiлуi мүмкiн. Балалар ауылы отбасына берген кезде балалардың мүддесiне орай олардың этникалық шығу тегi, белгiлi бiр дiндi және мәдениеттi ұстанатындығы, ана тілі, тәрбие мен білім беруде сабақтастықты қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi ескерiлуге тиiс. 3. Бiрге туған ұл-қыздар, медициналық не басқа да себептермен бiрге тәрбиеленуге болмайтын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасына берiлуге тиiс. 2011.26.12. № 517-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Балалар ауылына берiлетiн әрбiр балаға арнап қорғаншы және қамқоршы органдар балалар ауылының әкімшілігіне мынадай құжаттар тапсырады: 1) тууы туралы куәлiк; 2) денсаулығы туралы анықтама және баланың сырқаты тарихынан үзiндi көшiрме; 3) анасының денсаулығы және оның босану жағдайы туралы анықтама (бала сәбилер үйінен берiлген жағдайда); 4) білімi туралы құжат (мектеп жасындағы балалар үшін); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) ата-аналары туралы құжаттар (қайтыс болғандығы туралы куәлiктiң көшiрмесi немесе хабарлама, соттың үкімі немесе шешiмi, ата-аналарының сырқаты, оларға iздестiру туралы анықтама және ата-аналарының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуi мүмкiн еместiгiн растайтын басқа да құжаттар); 6) ағасы, iнiсi, апасы, сiңлiсi, қарындасы бар екендiгi және олардың тұрғылықты жерi туралы анықтама; 7) балаға тиесiлi мүлiктiң тiзiмдемесi және оның сақталуы үшiн жауапты тұлғалар туралы мәлiметтер; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) кәмелетке толмағандарға бұрыннан тұрып келген тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бала мен оның ата-анасының жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтері; 9) алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жәрдемақыға, зейнетақыға және басқа да әлеуметтiк төлемдерге құқығын растайтын құжаттар; 10) банкте баланың атына ашылған шоттың бар екендiгi туралы құжаттардың көшірмелері; 11) өзге де құжаттар. 17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шарт
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар2-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгiсіндегі балалар ауылдары және Жасөспiрiмдер үйлерi туралы заңдары3-бап. Осы Заңның негiзгi принциптерi мен мiндеттерi 2-тарау. Балалар ауылы тәрбиеленушілерінің құқықтары4-бап. Балалар ауылында тәрбиеленуші балалар5-бап. Тәрбиеленушiнiң балалар ауылы отбасында тұру және тәрбиелену құқығы6-бап. Тәрбиеленушiнiң өз пiкiрiн бiлдiру құқығы7-бап. Тәрбиеленушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға құқығы8-бап. Тәрбиеленушiнiң тұрғын үйге құқығы9-бап. Тәрбиеленушiнiң мүлiкке құқығы10-бап. Тәрбиеленушінің әлеуметтік төлемдерге құқығы 3-тарау. Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы (балалар ауылы)11-бап. Балалар ауылындағы отбасы12-бап. Балалар ауылының құқықтық мәртебесi13-бап. Балалар ауылының қызметiн басқару14-бап. Тәрбиешi-анаға қойылатын талаптар15-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына iрiктеу16-бап. Балаларды балалар ауылы отбасына берудiң тәртібі17-бап. Балалар ауылының отбасына балаларды беру туралы шарт18-бап. Тәрбиешi-ананың балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi19-бап. Тәрбиеленушiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөніндегі әкiмшiлiктiң құқықтары мен мiндеттерi20-бап. Әкiмшiлiктiң тәрбиеленушiнiң мүлкiн басқару жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi21-бап. Тәрбиеленушi-балалардың ата-аналарымен және басқа да жақын туыстарымен байланыстары 4-тарау. Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)22-бап. Жасөспірімдер үйі23-бап. Жасөспiрiмдер үйiнiң мақсаттары мен мiндеттерi24-бап. Жасөспірімдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтетін адамдардың санаттары25-бап. Жасөспiрiмдер үйi директорының негiзгi мiндеттерi26-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың өкiлдiгi27-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың әрекет қабiлеттілігi28-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың әрекет қабiлеттілігi29-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан он алты жастан он сегіз жасқа дейiнгi адамдардың банктерге салымдар салу және салымдарға билiк ету құқығы30-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамдардың құқықтары мен мiндеттерi31-бап. Жасөспiрiмдер үйiнде бағып-күту туралы шартты тоқтату32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы 5-тарау. Балалар ауылдары мен жасөспірімдер үйлерінің тәрбиеленуші-балаларына арналған мемлекеттік кепілдіктер33-бап. Тәрбиеленушi-балаларға арналған мемлекеттік кепiлдiктер34-бап. Отбасылық үлгiдегi балалар ауылдары мен Жасөспiрiмдер үйлерiн дамытудағы мемлекеттік органдардың рөлi35-бап. Тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру36-бап. Мемлекеттік мекемелердегi тәрбиеленушi-балалар құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қаржыландыру37-бап. Қазақстан Республикасының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық |