Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір мәселелері ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1118 қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 26.09.02 ж. № 1060 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті құрылсын. ҚР Үкіметінің 26.09.02 ж. № 1060 қаулысымен 2-тармақтың күші жойылды 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті туралы ереже бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Ақмола облысы орталығының қоныс аударуына байланысты босайтын ғимараттар мен қызметтiк үй-жайларды бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 17 маусымдағы № 796 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшадағы реттiк нөмiрi 27-жол алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 21 қазандағы № 1578 (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 472-құжат) қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі (Сыртқыiсминi) туралы ережедегi: 1-тармағының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Министрлiктiң ведомстволары бар, олар - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитет, Инвестициялар жөніндегі комитет"; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "6) Қазақстан Республикасының экономикасына шетелдiк инвестициялар тартуға жәрдемдесу;"; мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|