Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 сәуірдегі № 370қ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 мамырдағы № 638 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы үлгі ереже 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнінде тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрi - ТЖК) туралы үлгi ереже мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтермен жұмыс жүргiзетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына қолданылады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұдан әрi, олардың атаулары ерекше айтылғаннан басқа жағдайларда, ұйымдар деп аталады. 2. Ұйымдарда осы Ереже негiзiнде нақты ұйымның өндiрiстiк қызмет ерекшелiктерiн ескеретiн ТЖК туралы ведомстволық ереже әзiрленедi. Ереженi ұйым басшысы бекiтедi. 3. ТЖК мемлекеттік құпиялары бар мәлiметтердiң сыртқа шығуы мүмкiн болатын арналарды анықтау және уақытында жабу, құпия құжаттар мен бұйымдардың жоғалуын болдырмау жөнiнде ұсынымдар дайындау үшiн құрылатын, ұйымның бiрiншi басшысы жанындағы алқалық консультативтiк орган болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|