|
|
|
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республикалық бюджеттік "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 172а; 10.10.02 ж. № 172б қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 1 қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Бюджеттік бағдарлама әкімшісі 2002 жылға арналған 001 "Әкiмшiлiк шығындар" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1030625 мың теңге (бiр миллиард отыз миллион алты жүз жиырма бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық Заңының 56, 57-баптары; Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының саны, Жоғарғы Сот аппаратының құрылымы мен штаты туралы" № 3315 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы "Мемлекеттік бюджет есебіндегі Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" № 575 ; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесi қызметiн қамтамасыз ету шаралары туралы" № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" № 536 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаржылары. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Оларға жүктелген мiндеттердiң барынша тиiмдiлiгiне қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөнiндегі комитеттiң, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларының Сот әкiмшiлерiнiң қызметiн қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотын, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитетті, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларының Сот әкiмшiлерiн ұстау. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Жоғарғы Соттың жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитетiне, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Сот әкiмшiлерiне жүктелген мiндеттердi сапалы және уақытылы орындау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Бюджет бағдарламасының әкімшісі 2002 жылға арналған 032 "Сот төрелiгiн жүзеге асыру" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 3314061 мың теңге (үш миллиард үш жүз он төрт миллион алпыс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық заңының 47-57-баптары; Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 1-30-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы № 575 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесiн одан әрi оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы. 3. Бюджет бағдарламасын қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету, республиканың Конституциясының, Заңдарының, өзге де нормативтiк-құқықтық актілерінiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жергiлiктi соттардың оларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындалуына қол жеткізуi жөніндегі қызметін қамтамасыз ету. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетін нәтижелер: жергілікті соттарға жүктелген функциялардың сапалы және уақытылы орындалуы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 3 қосымша Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Бюджет бағдарламасының әкімшісі 2002 жылға арналған 010 "Бiлiктiлiктi арттыру және кадрларды қайта дайындау" республикалық бюджет бағдарламасының ПАСПОРТЫ 1. Құны: 35000 мың теңге (отыз бес миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Конституциялық заңының 57-бабы Қазақстан Республикасы Президентінің "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 1 қыркүйектегi № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң біліктiлiгiн арттыру институты" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 567 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң кәсiптiк әзiрлiк деңгейiн арттыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: судьялар мен сот жүйесi қызметкерлерiнiң біліктiлiгін арттыру, тәжiрибе алмасу. 6. Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджет бағдарламасын орындаудан күтілетін нәтижелер: Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, Қазақстанда судьяларға білім берудің қалыптасуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 172а қаулысымен 4-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 4 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 033 "Әдiлет біліктілiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 18 480 мың теңге (он сегiз миллион төрт жүз сексен мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның қалыптық-құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 36 бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi "Қазақстан Республикасының Әдiлет біліктiлiк алқасы туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздігін күшейту жөнiндегі шаралар туралы" № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшiлiгi жөніндегі комитетi туралы Ереже. 3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көзi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың төрағалары және судьяларының бос орындарына тағайындалуға кандидаттарды сапалы таңдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндетi: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшiн Әдiлет біліктілiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындалудан күтiлетiн нәтижелер: республика соттарындағы судьялық бос орындарды уақытымен толтыру, конкурстар ұйымдастыру және өткізу арқылы судьялық қызметке біліктi кадрларды таңдау, судьялық қызметке резерв дайындау. ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 172а қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 5 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 034 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгіне түскен мүлiктi бағалау, сақтау және өткізу" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 32 000 мың теңге (отыз екi миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтi құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 2 тарауының 27-бабының 2-тармағы, 29-31-баптары, 3 тараудың 40, 41, 43-56-баптары, 4 тараудың 74-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлігінiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1994 жылғы 10 қазандағы № 250 "а" бұйрығымен бекітілген тәркiленген, иесiз мүлiктердi, мұрагерлiк құқығымен мемлекетке аударылған қазыналарды, олжаларды, сонымен қатар қымбат металдар мен қымбат тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткізу туралы Ереже. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: атқарушылық құжаттардың мiндеттi түрде орындалуы бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және үйлестiру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: атқарушылық iс-әрекеттердi жүргiзу жұмыстарын жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: тәркiленген мүлiктердi өткізуден түскен қаржымен республика бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн толықтыру, сот шешімдерiнiң орындалуын қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 172а қаулысымен 6-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.10.02 ж. № 172б қаулысымен 6-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 6 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 201 "Сот жүйесi органдарын материалдық-техникалық және басқадай да қамтамасыз ету" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 590 000 мың теңге (бес жүз тоқсан миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" Заңының 47, 56 баптары; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" № 471 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: сот жүйесi органдарының қызметiн оларға жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн материалдық-техникалық және басқадай да қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: сот жүйесi органдарының қызметiн қажеттi арнайы және кеңселік жиhазбен, темір шкафтармен (сейфтермен) ризографтармен, көшірме аппараттарымен, шағын АТС-тармен қамтамасыз ету, сот әдiлдiгiн сапалы жүзеге асыру мақсатында ғимараттарға күрделi жөндеу жүргiзу. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: бөлiнген бюджеттік қаражат соттарды жартылай жиhазбен, темір шкафтармен (сейфтермен) ризографтармен, көшірме аппараттарымен, шағын АТС-тармен жабдықтау мәселелерiн, облыстық және аудандық соттардың ғимараттарын және үй-жайларына тиiстi сыртқы көрiнiс беруге, соттар қызметкерлерiнiң жұмыс iстеулерiне тиiстi жағдай жасау мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi. ҚР Үкіметінің 23.04.02 ж. № 172а қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.10.02 ж. № 172б қаулысымен 7-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 7 қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi 600 "Сот жүйесi органдарының автоматтандырылған бiркелкi ақпараттық-талдау жүйесiн құру" бағдарламасының 2002 жылға арналған ПАСПОРТЫ 1. Құны: 1 50 000 мың теңге (жүз елу миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьяларының мәртебесi туралы" № 132-ІІ ҚР Конституциялық Заңының 25-бабының 4-тармағы, 56-бабы; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 мамырдағы "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Заңының 88-бабы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" № 163 Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң тәуелсiздiгiн күшейту жөніндегі шаралар туралы" № 440 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы "Сот әкiмшiлiгiнiң жаңа жүйесiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" № 471 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаржысы. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: соттар мен сот жүйесiнiң органдарының ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге уәкiлеттi органдарының жұмыстарын ақпараттау. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: соттарды және сот жүйесi органдарын компьютерлiк және ұйымдастыру iс техникаларымен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Бөлiнген бюджеттік қаржы сот жүйесi органдарын сатылап компьютерлендiруге база жасауға мүмкiндiк бередi, ол iстердi мерзiмiнде және сапалы қарауға ықпал етедi. Соттарды және сот жүйесi органдарын компьютерлендiру ақпараттар беруге, оларды жинақтаудағы жаңа технологияларға және ақпараттарға мұқтаждықты қанағаттандыру үшiн тиiмдi жағдай жасауы керек, ал ол сот билiгінiң дербестігі мен судьялардың тәуелсiздiгiн нығайтуға, олардың қызметтерiнiң тиiмдiлiгін арттыруға өз ықпалын тигiзедi. ҚР Үкіметінің 10.10.02 ж. № 172б қаулысымен 8-қосымшамен толықтырылды Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына 8-қосымша Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Бюджет бағдарламасының әкімшісі 2002 жылға арналған 500-ші Қазақстан Республикасының сот жүйесі органдарын бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық талдау жүйесімен қамту республикалық бюджет бағдарламасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |