Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының республикалық бюджеттік бағдарламаларының 2002 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 ақпандағы № 172 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақтағы "1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7" деген сандар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8" деген сандармен ауыстырылсын; 2) көрсетілген қаулыға 6-қосымшада: 5-тармақтағы "(сейфтермен)" деген сөзден кейін "ризографтармен, көшірме аппараттарымен, шағын АТС-тармен" деген сөздермен толықтырылсын; 6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру шаралары" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Сот мәжілісі залдарына 474 құрылымдық жиһаз (судьяларға арналған стол, айыптаушы жақ өкілдеріне арналған стол, қорғаушы жақ өкілдеріне арналған стол, сот мәжілісі хатшысының столы, сөйлеушілерге арналған мінбе, аудандық соттарға 8 адамға және облыстық соттарға 15 адамға арналған құрылым есебінен - келушілерге арналған орындықтар); 2686 құрылым кеңсе жиһазы (судьялар үшін - жұмыс столы, бұрыштық қосымшасы бар компьютерге арналған стол, қосымша кеңесу столы, қорапты тумба, қағаз шкафы, киім шкафы; - кеңсе үшін 4 жазу столы, қағаз шкафы, ашық шкаф, киім шкафы); 813 дана темір шкафтар (сейфтер); 15 дана ризографтар (шағын типографиялар); 256 дана көшірме аппараттарын; 2 дана шағын АТС сатып алу; 96 ғимараттар мен үй-жайларға күрделі жөндеу жасау: Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда облыстары және Астана мен Алматы қалалары жалпы көлемі 92477,2 шаршы метр."; 7-тармақта "(сейфтермен)" деген сөзден кейін "ризографтармен, көшірме аппараттарымен, шағын АТС-тармен" деген сөздермен толықтырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|