|
|
|
Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын iске асыру "Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қыркүйектегі № 1249 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Санаткерлік меншік құқықтарын қорғау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бағдарлама бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2002 ж. 29 мамырдағы № 591 қаулысымен бекітілген Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі бағдарлама 1. Бағдарлама паспорты тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Әзiрлеу негiздемесi "Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1249 қаулысы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында санаткерлiк меншiк объектiлерiн заңды түрде пайдалану (iске асыру) және қорғау (күзету) саласында мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары мазмұндалған Тұжырымдама ережелерiн iске асыру үшiн ғылыми-әдiстемелiк негiз жасау Бағдарламаның мiндеттерi Санаткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдiру; ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекелестiктi дамытуға жағдай жасау; санаткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасының экономикалық және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануын кеңейту; шағын кәсiпкерлiк субъектілерiнiң санаткерлiк меншiк объектiлерiне қол жеткізуiн қамтамасыз ету Қаржыландыру көздерi Бұл Бағдарлама Қазақстан Республикасының ?кіметi мен ДСМҰ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес Дүниежүзiлiк Санаткерлiк Меншiк Ұйымы (бұдан әрi - ДСМҰ) бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады Iске асыру мерзiмi 2002-2006 жылдар 2. Кiрiспе Бағдарламаны әзiрлеудiң негiздемесi "Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 26 қыркүйектегi № 1249 қаулысы болып табылады. Қазiргi уақытта санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау жүйесi ұлттық инфрақұрылымның бөлiнбес бөлiгiне айналды. Жиырма бiрiншi ғасырды санаткерлiк экономика дәуiрi болады деп пайымдауға барлық негiз бар, оның дамуында шығармашылық қызмет және оны қорғаудың сенiмдi құқықтық жүйесi шешушi орын алмақ. Қазақстан Республикасы халықаралық мәдени және ғылыми-техникалық алмасудың толық құқықты қатысушысы ретiнде, ДСМҰ мүшесi бола отырып, құқық иеленушiлер болатын тұлғалардың санаткерлiк меншiкке құқықтарының сақталуын әлемдiк стандартқа жауап беретiндей деңгейде қамтамасыз етуi тиiс. Санаткерлiк меншiк құқықтары жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуi мемлекеттік органдар қызметіндегі басым бағыттардың бiрi болуға және осы салада мемлекеттiң айқын тұжырымдалған саясаты негiзiнде жүргiзiлуге тиiс. 3. Проблемалардың қазiргi жай-күйiн талдау Қазақстан Республикасы ДСМҰ мүшесi ретiнде қазақстандық азаматтардың да, шет елдiк және азаматтығы жоқ адамдардың да санаткерлiк меншiкке құқықтарының сақталуын конституциялық тәртiппен мойындайды және кепiлдiк бередi. Туындыларды және санаткерлiк меншiк құқықтарын заңды түрде пайдалану (iске асыру) және тиiмдi қорғау (күзету), ең алдымен, кез-келген елдiң мүддесiне, сондай-ақ әлемдiк қоғамдастықтың мүддесiне жауап бередi. Санаткерлiк меншiктi қорғау қағидаттарын iске асыру және осы мақсаттарда құқық амалдарын қалыптастыру заңнаманы одан әрi жетiлдiрудi көздейдi. Сонымен қатар, мемлекет экономиканы және әлеуметтiк саланы тұрақты дамыту үшiн оңтайлы жағдайлар жасай отырып, шығармашылық әлеуеттiң дамуына, жаңа идеялардың қажет болуына ықпал етедi. Бiрақ қазiргi кезде санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғауға байланысты республикада қиын да қолайсыз жағдай қалыптасып отыр. Атап айтқанда, контрафактілік өнiмдер кең тарала бастады, тиiстi дәрежедегi құқық қолдану практикасы жоқтың қасы, қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау сияқты бақылау тетiктерi пайдаланылмайды. Санаткерлiк меншiк объектiлерiн бағалау мәселелерi нарықтық қатынас талаптарына сай келмейдi, осы уақытқа дейiн бағалау стандарттары мен әдiстемелерiне ресми мәртебе беру туралы мәселе шешiлмеген. Санаткерлiк меншiк объектiлерiн бағалаудың нормативтiк-құқықтық базасы одан әрi жетiлдiрудi қажет етедi, ТМД мен алыс шет елдердегi бағалаушы ұйымдар жұмысының оң тәжiрибесiн қорыту, жедел ақпараттар алмасу және бағалау стандарттарын үйлесiмге келтiру жүйесiн реттеу қажет. Санаткерлiк меншiк саласындағы құқықтық қатынастардың өз ерекшелiгi бар және жалпы алғанда, Қазақстанда олардың өркениеттiк нысандары әлi қалыптаспаған, құқық иеленушiлердiң мүлiктiк мүдделерiн және пайдаланушылардың экономикалық мүмкiндiктерiн қамтамасыз етудiң ымырашыл нысандарына қол жеткiзiлмеген. Авторлық құқықты жеке құқыққа жатқызатынына қарамастан, бұл салада мемлекеттік реттеудiң қажеттілігi көзге ұрып тұр. Сол себептi мемлекет өзiнiң құзыреттi органдары, білім мекемелерi, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы осы саладағы құқықтық білімдi ауқымды мақсатты түрде насихаттауды қолға алуы қажет. Осы жұмыстардың барлығы жаппай құқықтық оқыту шеңберiнде ұйымдастырылуы мүмкiн. Түсiндiру жұмыстарымен бiр мезгiлде заңнаманың орындалуына нақты бақылау жасауды, статистикалық есеп-қисап пен жасалған бұзушылықтың қатаң есебiн жүргiзу нысандарын әзiрлеудi қамтамасыз ету керек. Шығарма авторларының, құқық иеленушiлердiң және пайдаланушылардың арасында туындайтын қайшылықтар көрсетiп отырғандай, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнiң кейбір ережелерiн өз бетiнше әр түрлi тұрғыдан түсiндiру орын алуда. Сондықтан, қайшылықтарды болдырмау үшiн кейбір заңнама кесiмдерiнiң ережелерiн түсiндiруге бiрыңғай тұрғыдан келуге қол жеткiзген жөн. Ең алдымен, туындайтын көптеген мәселелер жөнiнде мамандардың түсiнiктемесi, ұғындыруы қажет етiледi. Құқық қолдану практикасын, келiп түскен ұсыныстарды талдаудың негiзiнде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігi пiсiп-жетiлдi. 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi Бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында санаткерлiк меншiк объектiлерiн заңды түрде пайдалану (iске асыру) және қорғау (күзету) саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзi баяндалған Тұжырымдаманың қағидаларын iске асыру үшiн қажеттi ғылыми-әдiстемелiк негiздер жасау. Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi: санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру; ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекелестiктi дамытуға ықпал ету; санаткерлiк меншiк саласында Қазақстан Республикасының экономикалық және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; санаткерлiк меншiк объектiлерiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң пайдалануын кеңейту; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санаткерлiк меншiк объектiлерiне қол жеткізуiн қамтамасыз ету. 5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасында жасалатын ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар, фирмалық атаулар және ашылмаған ақпарат, Интернетте құқықтар қорғау, құпия өнертабыстармен айналысу сияқты санаткерлiк меншiк объектiлерiн құқықтық қорғау мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және қабылдау қажет. Бұдан басқа, заңнаманы кинематография туындыларын пайдаланушылардың қызметiн, санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiнде атқарушы органдардың қызметiн, санаткерлiк меншiк объектiлерi бар тауарларды кедендiк бақылау тәртібін реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеудi және қабылдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн мемлекеттік органдардың құзыретiн белгiлейтiн бөлiгiн одан әрi жетiлдiру қажет. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында өнертапқыштық қызметтi дамыту бағдарламасын әзiрлеу жолымен ғылыми-техникалық прогрестi, өнертапқыштықты және еркiн бәсекелестiктi дамытуға ықпал ету, шағын және орта бизнес субъектiлерiне санаткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануда жәрдем көрсету қажет. Санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында тәжiрибе алмасу, біліктіліктi арттыру және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мәселелерiнде халықаралық ұйымдармен өзара iс-әрекет жасау арқылы халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудiң, аудио-бейне саласында сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалануға және контрафактілік өнiмнiң таралуына қарсы күрес мәселелерiнде Фонограмма жасаушылар халықаралық федерациясымен (IFPI) өзара iс-әрекеттiң зор маңызы бар. Сонымен бiрге, әкiмшiсi ДСМҰ болып табылатын бағдарламалар бойынша санаткерлiк меншiк саласында мамандар даярлауды қамтамасыз ету, аумақтық әдiлет органдары, соттар, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң, патенттiк сарапшылардың біліктілігiн арттыру, санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне арналған семинарлар өткізу қажет. 6. Қажеттi қорлар және оларды қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының ?кіметi мен ДСМҰ арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына сәйкес осы халықаралық ұйымның тарапынан берiлетiн көмектi пайдалану қарастырылады. 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер Бағдарламада қойылған негiзгi мiндеттердi шешу Бағдарламаны iске асыру барысында оң нәтижелерге қол жеткізудi көздейдi, ол республиканың ғылыми-техникалық әлеуетiн нығайтудан, творчестволық қызметтi ынталандырудан көрiнiс табуы тиiс. Бұдан басқа, бұл мiндеттердi шешу инновациялық қызметтi дамыту үшiн жағдай жасауға, жаңа технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, бәсекеге жарамды өнiмдер шығаруға, жаңа техникамен және технологиялармен iшкi және халықаралық айырбас-алмасуға жағдай жасауға, ғылыми-техникалық өнiм нарығын қалыптастыруға ықпал ететiн болады. Сондай-ақ бұл iшкi нарықты контрафактілік тауарлардан қорғауды, отандық тауарлар мен қызметтер көрсетудi жасаушыларды қолдауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық өндiрiстерге қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестициялар тарту, жаңа жетiстiктер мен әзiрленiмдер туралы ақпарат қалыптастыру және тарату күтіліп отыр. ҚР Үкіметінің 06.01.04 ж. № 6 қаулысымен 8-бөлім өзгертілді 8. Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |