Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ислам Даму Банкінің арасында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкiнің арасында "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негiздемесiн және алдын ала жобасын дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келісімнің жобасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам Даму Банкiнің арасында "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негiздемесiн және алдын ала жобасын дайындау бойынша техникалық көмек (грант) туралы келісімге қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн. 3. "Бурабай-Көкшетау-Петропавл" автожолының техника-экономикалық негiздемесiн және алдын ала жобасын дайындауды қоса қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне 2002 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға арнап көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервiнен 8 843 120 (сегiз миллион сегiз жүз қырық үш мың бiр жүз жиырма) теңге бөлiнсiн. 4. "Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 30 желтоқсандағы № 1963 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 56, 631-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік инвестицияларының бағдарламасына 2-қосымшада: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|