Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жекелеген мәселелері туралы (2016.28.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетілдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнің «Ақпаратты техникалық қорғаудың орталығы» мемлекеттік мекемесi, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрі - Мекемелер мен Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарамағына берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi: 1) Мекемелерге қатысты уәкiлетті мемлекеттік орган; 2) Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Мекемелер мен Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістер бекітілсiн. 5. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметi» республикалық мемлекеттік мекемесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 5 қазандағы № 1522 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 1036 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|