Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 5 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Yкіметінiң арасында ноталар алмасу нысанында келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 5 қыркүйектегi № 977 қаулысына мынадай өзгерiс енгізілсін: "Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру" жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Үкіметінiң грантын тарту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Yкіметінiң арасында ноталар алмасу нысанындағы келісімнiң жобасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігінiң Нотасы Сiздiң Жоғары мәртебелiңiз, Мәтiнi төменде келтiрiлген Сiздің бүгiнгi күнмен белгiленген Жоғары мәртебелі Нотаңызды алғандығымды растауға рұқсат етуіңізді сұраймын: "Екi ел арасындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту үшiн жапон экономикалық ынтымақтастығына қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің өкілдері арасында жақында өткiзiлген талқылауға жүгiнудi әрі Жапония Үкіметінiң атынан мынадай келісімдердi ұсынуға рұқсат етуіңізді сұраймын: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметiнің Қызылорда қаласының көп бейiндi аурухана кешенiне медициналық жабдықтар беру жөніндегі жобасын (бұдан әрi - Жоба) iске асыруға көмектесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңнамасына, нормативтiк кесiмдерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне Y 467.000.000 (төрт жүз алпыс жеті миллион йен) мөлшерде грант (бұдан әрi - Грант) бөлiнсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|