Мемлекеттік мүлiкті мемлекеттік меншiктiң бip түрiнен екiншi түрiне беру ережесін бекіту туралы (2010.10.09. берілген толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Yкіметінiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысымен Бекiтiлген
Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екiншi түрiне беру epежeci
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 192-бабына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру тәртібiн анықтайды. 2. Мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: 1) мүлiктiк кешендерi ретінде республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелер (бұдан әрi - республикалық заңды тұлғалар), акционерлік қоғамдардың акциялары мен республикалық меншiктегi жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлестерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінiң қолдаухаты негiзiнде коммуналдық меншiкке берiледi; ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 927 қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкi облыс (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімінiң қолдаухаты негізiнде: ветеринариялық препараттарды қоспағанда, теңгерiмдік құны беру күнiне он мың және одан асатын ең төменгi есептiк көрсеткiш мөлшерiнде болған кезде - Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмi бойынша; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|