|
|
|
Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 18 ақпандағы № 168 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы 1. Бағдарлама паспорты 2. Кiрiспе 3. Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар 4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және iске асыру тетiктерi 6. Қажеттi ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыpу көздерi 7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер 8. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары ҚР Үкіметінің 15.04.04 ж. № 417 қаулысымен 1-бөлiм өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Бағдарлама паспорты Бағдарламаның Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар атауы саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы Әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң "Қазақстан негiздеме Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған тұжырымдамасы туралы" 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 1564 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулылары Негiзгi Қазақстан Республикасының Көлік және әзiрлеуші коммуникациялар министрлiгі Iске асыру 2003-2005 жылдар мерзiмі Бағдарламаның Телекоммуникациялар саласын дамыту мақсаты мен бағдарламасының негiзгi мақсаты Қазақстан міндеттерi экономикасының ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға бәсекелi бiрiктірiлген телекоммуникациялық секторын әрi қарай дамытуға бағытталған тетiктердi қалыптастыру мен жағдайлар жасау болып табылады. Бағдарламаның көрсетiлген мақсатына сәйкес мынадай міндеттердi шешу көзделген: Әлеуметтiк-саяси мiндеттер: жеке және заңды тұлғалардың жер-жерде телекоммуникациялардың қызмет көрсетулерiне әмбебап қол жеткізулерiн қамтамасыз ету; халықтың және дамып отырған экономиканың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, оның iшiнде қауіпсiздiктi, қорғанысты және құқық тәртібін қамтамасыз ететiн органдардың телекоммуникациялардың түрлi қызмет көрсетулерiне өсiп отырған қажеттілігін қанағаттандыру; тұтынушылардың ақпараттық технологиялардың соңғы жетістiктерi мен ғаламдық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшiн жағдайлар жасау; ұлттық ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз eту; Техникалық-технологиялық мiндеттер: бiрыңғай ұйымдастырушылық және техникалық идеология негiзінде жұмыс iстейтiн, жоғары сапалы ішкi және халықаралық ақпараттық алмасуды, телекоммуникациялық қызмет көрсетулердiң барлық түрлерiн дамыту үшiн қуатты базаны қамтамасыз ететiн, осы заманғы ұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымды жедел дамыту; стандарттаудың және сертификаттаудың әлемдiк деңгейге сәйкес келетiн салалық жүйесiн дамыту; ұлттық ресурстарды: радиожиiлiктi ресурстарды және нөмiрлеу ресурстарын орталықтандырылған басқаруы қамтамасыз eту; Экономикалық мiндеттер: телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану тиiмділігiн және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру; Қазақстанның транзиттiк әлеуетiнiң мүмкiндiктерiн барынша iске асыру; телекоммуникациялық қызмет көрсету рыногын дамытуға бағытталған мемлекеттік реттеу және бақылау тетiктерiн жетiлдiру және телекоммуникациялар рыногының барлық субъектiлерінің орнықты және серпiндi дамуы, байланыс операторларының тиiмдi жұмысы үшiн жағдайлар жасау; байланыс қызметтерiн көрсету рыногында адал бәсекелестік ортаны дамыту және барлық байланыс операторлары үшiн тең құқықты қамтамасыз ету. Бағдарламаның Телекоммуникациялар саласындағы субъектiлердің негiзгi өзара қарым-қатынасын барабар реттейтiн нормативтік іс-шаралары құқықтық базаны құру - "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, мемлекеттік органдардың басқа да нормативтiк кесімдерін әзiрлеу, телекоммуникациялар саласында жаңа нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу. Саланы мемлекеттік реттеудi жетiлдiру. Радио қол жеткізу жүйелерiн қоса алғанда, осы заманғы цифрлық жабдықтар базасында телекоммуникациялардың жергілiктi желілерiн жаңғырту және дамыту, желiнi және оны пайдалануды оңтайландыру. Әмбебап қол жеткізудi қамтамасыз ету тетігін құру (телекоммуникациялардың көпшiлiк қол жеткiзетін қызмет көрсетулерiнің өлшемдерi мен көлемiн айқындау, елдi мекендердiң әмбебап қол жеткізуiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеу және iске асыру). Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға белсендi инвестицияларды ынталандыратын жағдайлар жасау. Телекоммуникациялар саласындағы тарифтiк реттеу тетiктерiн жетілдiру. Бәсекелестiкті дамытудың жоспарланған және кейінгі кезеңдердегі қажеттi шарты ретiнде телекоммуникациялар рыногын кезең-кезеңiмен ырықтандыру. Халықаралық талаптарға сәйкес келетiн 2001-2005 жылдарға арналған "Сапа" республикалық бағдарламасы шеңберiнде телекоммуникациялар ұйымдарында сапа жүйелерiн әзiрлеу және eнгізу. Қаржыландыру 2003-2005 жылдары қаржыландыруға көздерi республикалық бюджеттен 5844,3 млн. теңге жiберу жоспарланып отыр, оның iшiнде 2003 жылы - 40,4 млн.теңге, 2004 жылы - 5792,9 млн. теңге, 2005 жылы - 11 млн. теңге. Бұл ретте жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланады. Күтілетін Мемлекеттік басқару органдарының, заңды соңғы нәтиже тұлғалардың және халықтың бiрыңғай техникалық және ұйымдастырушылық идеология негiзiнде жұмыс iстейтiн және дамитын осы заманғы телекоммуникациялар желісі - телекоммуникациялық қызмет көрсетулерiнің барлық түрлерiн алудағы қажеттілiгін толық қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңiстiгiнiң инфрақұрылымдық бөлігін құру. Орталық Азия аймағының телекоммуникациялық инфрақұрылымында Қазақстан Республикасының жетекшi ұстанымдарын қамтамасыз ету. Оңтүстiк Шығыс Азия - Еуропа және Орталық Азия - Ресей бағыттарында Қазақстанның маңызды ақпараттық ағындарды қамтамасыз ету жөнінде халықаралық транзиттік торап ретiнде қалыптасуы. Телекоммуникациялық қызметтер көрсетудiң бәсекелестiк рыногын қалыптастыру және дамыту. Телекоммуникациялар саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру. Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 470 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 1564 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар саласын дамытудың 2001-2005 жылдар кезеңiне арналған тұжырымдамасының ережелерiн ескере отырып әзiрлендi. Бағдарламаның негізгi мақсатына қол жеткізуге бағытталған саланы дамыту стратегиясы мемлекеттік саясаттың мынадай қағидаттарына сүйенедi: телекоммуникациялар саласын дамытудың тұтастай алғанда, ел экономикасының дамуымен өзара байланыстылығы; Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi, егемендiгi және қорғаныс қабiлеттiлігі мүдделерiн қамтамасыз ету; телекоммуникациялар рыногын дамытуға ықпал ететiн нормативтік база; тиiмдi мемлекеттік саясат жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мемлекеттің стратегиялық салалардағы рөлiн күшейту; телекоммуникациялардың жалпыға бірдей қол жеткiзетiн қызметтерiне республика азаматтарының әмбебап қол жеткізуiн қамтамасыз ету; телекоммуникациялар рыногының барлық қатысушылары үшiн еркiн және тең құқықты бәсекелестiктi ынталандыру және қамтамасыз ету; инвестицияларды ынталандыру және көтермелеу; жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру және көтермелеу; желiлерде бiрыңғай техникалық стандарттар қолдану және саланың субъектілері үшiн халықаралық сапа стандарттарын енгізу. 3. Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар Телекоммуникациялар, көрсетiлетiн қызмет көлемi тұрақты өсiп отыратын, экономиканың серпiндi дамушы саласы болып табылады. Қазақстан Республикасында телекоммуникациялар желiлерiнің ағымдағы жай-күйiн мынадай негiзгi цифрлармен сипаттауға болады: 2002 жылдың басында Қазақстанда орташа телефон тығыздығы елдiң 100 тұрғынына шаққанда 14,4-тi, оның iшiнде қалаларда - 21,7-нi, ауылдық жерлерде - 5,2 телефонды құрады. Негiзгi телефон аппараттарының тығыздығы 100 отбасына шаққанда 50,9-ды құрады, оның iшiнде қалаларда - 69,2-нi, ауылдық жерлерде - 21,8-дi құрады; телекоммуникациялардың жергіліктi желісі 3000-нан аса станциялардан тұрады, олардың тек алтыдан бiр бөлiгi ғана қалаларда орналасқан. Тек "Қазақтелеком" ААҚ-та станциялардың жалпы құрастырылған сыйымдылығы 2,4 млн. нөмiрдi құрайды, iске қосылғаны - 2 млн нөмiр. Цифрландыру деңгейi 34 пайызды құрайды. Қалааралық арналардың ұзақтығы 246 599 221 арн.км, олардың ішінде таратудың цифрлық жүйелерiмен құрылған арналар ұзақтығы - 202 612 351 арн.км құрайды (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 82%-ы), оның iшiнде оптикалық кабельдi қолдана отырып - 186 650 031 арн.км (телефон арналарының жалпы ұзақтығының 75,7-ы). Техникалық база. Жаңғырту процесi ұлттық телекоммуникациялар желісінiң барлық деңгейлерi мен құрамдас элементтерiн қамтыды. Соңғы үш жылда желiнi толық ауқымды жаңарту мен кеңейтудің негiзiн салған елеулi өзгерістер болды: Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ұзақтығы 1750 км Транс-Азия-Европалық талшықты-оптикалық байланыс желісі (бұдан әpi TAE), ұзақтығы 137 км Петропавл - Кормиловка (Ресей) Солтүстік талшықты-оптикалық байланыс желісі (бұдан әрi - ТОБЖ), Алматы - Астана Петропавл - Ресей радиалдық тармағы бойынша Ресейге цифрлық шығу қамтамасыз етiлген, Орталық Азия - Ресей транзит арналарын жаңа сапалы деңгейде ұйымдастыруға мүмкiндiк беретiн ұзақтығы 1140 км Алматы Қарағанды цифрлық радиорелелiк желісі салынды; Астана - Өскемен - Алматы ұқсас радиорелелiк желісі бойынша Алматы және Астана қалаларының цифрлық телефон станцияларын қосу үшiн, транзиттiк трафиктің цифрлық арналары бойынша өткізу үшiн және GSМ стандартты ұялы байланыстың мұқтаждары үшiн 34 Мбит/с цифрлық ағыны ұйымдастырылды; Ұлттық ақпараттық супер магистральдың (бұдан әрі - ҰАСМ) Батыс тармағының құрылысы (ұзақтығы 864 км Қызылорда - Ақтөбе - Қандыағаш Атырау - Ганюшкино - Ресей шекарасы), ҰАСМ Шығыс тармағын (Петропавл Астана - Өскемен - Талдықорған) салуға арналған жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталды, сондай-ақ Шығыс тармағын салу үшiн берушіні таңдауға арналған тендер өткiзiлдi. Шығыс ТОБЖ құрылысы басталды; Алматы қаласындағы "Орбита" спутниктiк станциясын қайта құру жүргiзiлдi, сондай-ақ Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында Интелсат халықаралық спутник жүйесінің станциясы орнатылды, олардың арасында спутниктік байланыстың магистралдық арналары ұйымдастырылды және Германияға, Ұлыбританияға, Швейцарияға, Ресейге, Бiрiккен Араб Эмираттарына, Канадаға және басқа елдерге жаңа бағыттар ашылды; республиканың баруы қиын және халқы аз қоныстанған аудандарында байланысты қамтамасыз ететін ауылдық байланыстың спутниктік желісінiң құрылысы жүргiзiлуде. 2001 жылғы 31 желтоқсандағы деректер бойынша 1998 жылдан бастап 207 ДАМА (арналарды талап бойынша беру жүйесi) цифрлық спутниктiк станциялары, оның iшiнде осындай аудандардың елдi мекендерiнде 184, 2002 жылғы тоғыз айда - 29 станция пайдалануға берiлді; Алматы қаласы Халықаралық коммутациялар орталығының (бұдан әрі ХКО) және Орал, Тараз, Ақтөбе қалаларындағы автоматты қалааралық телефон станцияларының (бұдан әрі - АҚТС) жабдығын жаңғырту аяқталды, Астана қаласының АҚТС базасында екiншi XKO салынды. Қалааралық цифрлық телекоммуникациялар желісін құру аяқталды. Бүгiнгi күнге 100% АҚТС цифрлық, желiде 2 ХКО жұмыс iстейдi. Рынок құрылымы Республиканың телекоммуникациялық қызмет көрсетулер рыногы жыл сайын аса серпінді әрi бәсекелес болып келедi. Байланыс операторларының саны едәуiр өсуде, жаңа технологиялар енгiзiлуде, ұсынылатын қызметтер спектрi ұлғаюда. Рынок сыйымдылығы 1998 жылғы 350 млн. АҚШ долларынан 2001 жылы 500 млн. долларға дейiн өстi, бұл ретте ұлттық байланыс операторының үлесi негiзiнен ұтқыр байланыс операторларының қарқынды өсу есебiнен 90%-дан 68%-ға дейiн қысқарды. Соңғы 4 жылда олардың рыноктағы үлесi 2,8%-дан 26,1%-ға дейiн артты. 2002 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі телекоммуникациялар қызмет көрсетулерiн ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызметпен - базалық қызмет көрсетулерден бастап ұялы байланыс пен зияткерлiк желiлер (аудиомәтін) қызмет көрсетулерімен айналысуға 770 лицензия бердi. Олардың 237 лицензиясы телекоммуникациялардың жергіліктi желiлерi және олармен байланысты қызмет көрсетулерге, 146 - жылжымалы радиобайланыс пен пейджинг қызмет көрсетулерiне, 125 - радиохабар мен теледидарға, 36 - бөлiнген спутниктiк байланыс желiлерiнiң қызмет көрсетулерiне және арналарды жалға алуға берiлдi. Деректер беру рыногы мен Интернет аса шапшаң дамушы болып табылады, қазiргi уақытта операторларға бұл қызмет түрiмен айналысуға 131 лицензия берiлдi. Рыноктың жартысын қалааралық, халықаралық байланыс қызмет көрсетулері алады, және де рыноктың 25%-ын қалааралық байланыс қызмет көрсетулерi қалыптастырады. ТМД елдерiне және алыс шет елдерге халықаралық телефондама қызмет көрсетулерін сату көлемiнiң үлес салмағы бiрдей. Ұялы байланыс телекоммуникациялық қызметтер көрсету рыногының төрттен бiрiнен астамын алады, мұның өзi тiптi қалааралық байланыс рыногы көлемiнен артық. Соңғы жылдары әлемде жылжымалы байланыс қызметін көрсетулер рыногында байқалатын өткір бәсекелестiктiң салдарынан, барлық негiзгi үш технологиялар эволюциясы, атап айтқанда: GSM, D-АМРS, CDMA мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады: қосымша қызмет көрсетулер санын арттыру, желi сыйымдылығын және асып түсу алаңын ұлғайту, радиоинтерфейстiң құнын кемiту және өткізу жолағын кеңейту. Қазақстанда GSM және AMPS - D-AMPS стандарттарының ұялы байланыс қызмет көрсетулерiн 4 байланыс операторлары ұсынады, пайдаланушылар саны 800-мыңдық белгiге жақындап келедi. Жергiлiктi телефон байланысы қызмет көрсетулері бүкiл рыноктың 14%-ын қалыптастырады. Деректер беру және Интернет қызмет көрсетулерiнiң көлемi екі есе кем. Қазiр деректер беру қызмет көрсетулерi, Интернет, ұтқыр радиобайланыс, корпоративті клиенттер үшiн телекоммуникациялар қызмет көрсетулерi рыногында жоғары дәрежелi бәсекелестiк орын алып отыр. Жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желісі (бұдан әрі - ЖПТЖ) үшiн тек халықаралық және қалааралық байланыс рыногы ресми түрде "Қазақтелеком" ААҚ-ның монополиясы болып табылады, алайда онда іс жүзінде АР-телефондама операторлары ретiнде халықаралық және қалааралық трафигін қолданыстағы нормативтiк кесiмдерде көзделгеннен басқа жолмен өткiзетiн операторлар жұмыс iстейдi. Сонымен бiр мезгiлде, ресми түрде толығымен ашық сектор болып табылатын жергiлiктi байланыс рыногында бәсекелестiктiң дамуы бiр жағынан жергiлiктi байланысқа мемлекет реттейтін төмен тарифтердiң болуымен, ал екiншi жағынан ЖПТЖ-ға бiрiгуi және қалааралық әрі халықаралық трафик транзитіне "Қазақтелеком" ААҚ ұлттық операторының жоғары тарифтерiмен шектеледі. Қаржылық жай-күйi. Байланыс операторларының 2000 жылғы жиынтық кiрiстерi 45,1 млрд. теңгенi, 2001 жылы - 63,44 млрд теңгенi, оның iшiнде ұлттық оператордiкi - тиiсiнше 38,3 млрд. теңге мен 45,8 млрд. теңгенi құрады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |