Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зейнетақымен 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат: № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат): 1) 741-бап "Салық кодексінде" деген сөздерден кейін "және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң актісінде" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 742-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "құжаттар бойынша" деген сөздерден кейін ", клиенттің жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі міндеттемелері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын. 2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат): 1) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын: "88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарын бұзу 1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында көзделген зейнетақы төлемдерін, аударымдар мен алып қоюларды белгіленген мерзімдерде уақтылы жүзеге асыру жөніндегі міндеттерін орындамауы - лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|