Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы 1995 жылғы 26 мамырдағы Арнайы жүктерді және әскери мақсаттағы өнiмдердi тасымалдау туралы келісімге, "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңына және "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес номенклатура мен санда Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің 201 мотоатқыш дивизиясы үшiн әскери-техникалық мүлiктiң Ресей Федерациясынан Тәжiкстан Республикасына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитіне рұқсат берілсін. 2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi мен Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен әскери-техникалық мүлiктiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін бақылауды қамтамасыз етсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 508 қаулысына қосымша Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнің 201 мотоатқыш дивизиясы үшін әскери-техникалық мүлiктің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдайтын номенклатурасы мен саны 1. Бағыты: Фрязино ст. (Ресей) - Айни ст. (Тәжiкстан) өту шекаралары: Ақсары - Бейнеу - Талимарджан - № 161 разъезд - Сарыәсия; құрамы: 1 жабық вагон; жөнелтушi - Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң 42795 әскери бөлімі; алушы: Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң 01162 әскери бөлiмі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|