Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекітілсiн. 2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар (келісім бойынша) жылына екi рет жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 10 қаңтарға және 10 шiлдеге Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 3. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жылына екi рет жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712-1 қаулысымен Бекітілген
ҚР Үкіметінің 29.12.03 ж. № 1341; 22.01.04 ж. № 68; 18.11.04 ж. № 1218 (бұр. ред. қара); 2005.03.12 № 1257 қаулыларымен жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|