|
|
|
"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Бұрынғы редакцияларды қара Мемлекеттік даму институттарының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамдары (бұдан әрi - Қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне беру жүзеге асырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 217-5 жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 268, 268-1 жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 237-15, 237-16, 237-17 жолдармен толықтырылсын: "237-15 "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры" АҚ; 237-16 "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ; 237-17 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ". 2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 26.11.04 ж. № 1237 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi № 712-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: 2.1.5-тармақтың "Орындауға жауаптылар" деген бағанындағы "ҚарМ" деген сөз алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |