|
|
|
"Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысы (ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1119 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2004 ж. 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Бұрынғы редакцияларды қара Мемлекеттiк даму институттарының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қор" акционерлiк қоғамдары (бұдан әрi - Қоғамдар) акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне беру жүзеге асырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын. 3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 217-5 жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгiне" деген бөлiмде: реттiк нөмiрлерi 268, 268-1 жолдар алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 237-15, 237-16, 237-17 жолдармен толықтырылсын: "237-15 "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры" АҚ; 237-16 "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ; 237-17 "Ұлттық инновациялық қор" АҚ". 2. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. N 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 3. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 30, 330-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Акционерлiк қоғамдар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 14, 15, 16-жолдармен толықтырылсын: "14. "Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық Қоры" АҚ; 15. "Қазақстанның Даму Банкi" АҚ; 16. "Ұлттық инновациялық қор" АҚ". 4. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 290-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарында: 2.1.5-тармақтың "Орындауға жауаптылар" деген бағанындағы "ҚарМ" деген сөз алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |