|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы (2007.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн: 1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде: реттік нөмiрi 5-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "мұнай өнiмдерiн өндіру"; көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде: "Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi" деген I бөлiм мынадай мазмұндағы 26-тармақпен толықтырылсын: "26. Мұнай өнiмдерiн өндiру."; "Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген II бөлiм мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын: "22. Мұнай өнiмдерiн өндiру."; "Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тiзiмi" деген III бөлiм мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: "10. Мұнай өнiмдерiн өндiру."; 2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1311 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |