Ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеу Ережелерін бекіту туралы Қазақстан
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
«Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 сәуірдегі Заңын iске асыру сондай-ақ акциздердi әкiмшiлiктендiрудi жақсарту және мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң айналымына бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын: 1. Қоса берiлiп отырған Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу Ережелерi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетi (М.Н.Ысқақов): 1) бензинге (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны мен мазутқа iлеспе жүкқұжаттарын бланкiлерiн әзiрлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасымен (филиалымен) шарт жасассын; 2) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерiн әзiрлеуге тапсырысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасында (филиалында) орналастыруды қамтамасыз етсiн; 3) мұнай өнiмдерiн мұнай өндiрушiлердiң, мұнай жеткізушiлердiң, сондай-ақ мұнай өнiмдерi базаларынан өткізудi жүзеге асыратын тұлғалардың назарына мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн iлеспе жүкқұжаттарының бланкiлерi үшiн ақша аударуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасының (филиалының) есеп шотының деректемесi жеткiзiлсiн; 4) бiр ай мерзiмiнде мұнай өнiмдерi атауларына (маркаларына) жеке дараландыру нөмiрлерiн - кодтар беру ережесi әзiрленсiн; 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуге жiберiлсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. Министрдiң м.а. Қаржы министрінің м.а. 2003 жылғы 8 қазандағы № 366 бұйрығымен бекітілген Iлеспе жүкқұжаттарын ресiмдеу Ережелерi 1. Жалпы ережелер Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|