Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23
сәуірдегі № 459 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 1061 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметі қаулы етеді:
1. "Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 11, 109-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) осы қаулымен бекітілген балық аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетiлген қаулымен бекітілген өзге шаруашылық мақсаттарда (аңшылық пен балық аулаудан басқа) пайдаланылатын жануарлар түрлерiн пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларында:
"Судағы омыртқасыз жануарлар" бөлiмiнде:
"Төлем ставкалары, теңгемен" деген бағанда:
"бiр килограмы үшiн" деген 4-бағандағы:
реттiк нөмiрi 1 жолдағы "10" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2 жолдағы "3" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 3 жолдағы "10" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 4 жолдағы "3" деген сан "15" деген санмен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 5 жолдағы "1" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 23 сәуірдегі № 459 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 15 сәуірдегі № 429 қаулысымен
бекітілген
Балық аулау объектілерi болып табылатын жануарлар түрлерiн
пайдаланғаны үшiн төлем ставкалары
Рет N | Су жануарлары | Төлем ставкалары, бiр килограмм үшiн теңгемен |
1 2 3 |
1. Кәсiпшілiк және ғылыми мақсатта |
1 | Бекiре балықтар | 90 |
2 | Майшабақтар (қарынсау, бражников, қара жон) | 50 |
3 | Құбылмалы бахтах | 50 |
4 | Майқан | 50 |
5 | Ақсаха балықтар (көкшұбар, көкшарбы, пайда, шыр, мұқсын) | 50 |
6 | Хариусы | 50 |
7 | Қылышбалық | 50 |
8 | Тiкендi балық | 50 |
9 | Буффало | 50 |
10 | Ақ амур | 50 |
11 | Ақмарқа | 50 |
12 | Шармай | 50 |
13 | Сазан, тұқы | 50 |
14 | Көксерке | 50 |
15 | Берiш | 50 |
16 | Дөңмаңдай | 50 |
17 | Қаракөз | 25 |
18 | Шортан | 20 |
19 | Тұрпа балық | 20 |
20 | Май балық | 20 |
21 | Қызылкөз | 20 |
22 | Көкбас | 20 |
23 | Жыланбас балық | 20 |
24 | Түйетабан | 20 |
25 | Жайын | 20 |
26 | Нәлiм | 10 |
27 | Шабақ | 5 |
28 | Табан (балқаш және алакөл популяциясынан басқасы) | 5 |
29 | Итбалық | 2250 (бiр дарағы үшiн) |
30 | Ұзын саусақты шаян (түркiстандық түрiнен баcқасы) 50 |
Ұсақ шағын балықтар |
31 | Балқаш және алакөл табаны | 2,5 |
32 | Торта | 10 |
33 | Онғақ | 10 |
34 | Аққайран | 10 |
35 | Мөңке | 10 |
36 | Алабұға (балқаш-іле популяциясынан басқасы) | 10 |
37 | Кәдiмгi және таластық тарақ балық | 10 |
38 | Қызыл қанат | 10 |
39 | Балпан балық | 10 |
40 | Бiлеу балық | 10 |
41 | Айнакөз | 10 |
42 | Көктран | 10 |
2. Балықты қайтарып алу және "ұстау-қоя беру" қағидаты негiзiнде спорттық-әуесқойлық (рекреациялық) балық аулау кезiнде |
1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, балықтарды қайтарып ала отырып |
1 | Қортпа | 7500 бiр дарағы үшiн |
2 | Бекiре балықтары | 1875 бiр дарағы үшiн |
3 | Iрi шағын балықтар | 60 |
4 | Ақсаха және албырт балықтар | 155 |
5 | Шортан, мөңке ұсақ шағын балықтар | 40 |
6 | Шаян | 15 (бiр дарағы үшiн) |
2. Шетелдiк азаматтар үшiн, балықтарды қайтарып ала отырып |
1 | Iрi шағын балықтар | 625 |
2 | Қортпа | 61875 бiр дарағы үшiн |
3 | Бекiре балықтары | 15470 бiр дарағы үшiн |
4 | Ақсаха және албырт балықтар | 1125 |
5 | Шортан, мөңке ұсақ шағын балықтар | 375 |
3. Шетелдiк азаматтар үшін, "ұстау-қоя беру" қағидаты негізiнде |
1 | Iрi шағын балықтар | 125 |
2 | Бекiре балықтары | 5813 бiр дарағы үшiн |
3 | Ақсаха және албырт балықтар | 325 |
4 | Шортан, мөңке ұсақ шағын балықтар | 80 |