|
|
|
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысы (2008.24.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 661 Қаулысымен күші жойылды
"Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берілiп отырған Меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратына қол жеткiзу ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi мемлекеттік орган болып белгіленсiн. 3. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 2 шілдедегі № 730 қаулысымен бекітілген Меншiктiң мемлекеттік мониторингі ақпаратына қол жеткiзу ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 қарашадағы Заңының 18-бабына сәйкес әзiрлендi және меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң берілетiн ақпаратына қол жеткiзу құқығын, көлемiн, тәртібі мен мерзiмiн қамтитын меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратына қол жеткiзу тәртібін айқындайды. 2. Меншiктiң мемлекеттік мониторингі ақпараты қағаз жеткiзгiшпен және/немесе электрондық дерекқорға жедел санкцияланған қол жеткiзу арқылы беріледi. 2. Меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратына қол жеткiзу құқығын беру 3. Меншiктің мемлекеттік мониторингi ақпаратына қол жеткiзу құқығы: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiне; Қазақстан Республикасының Үкіметіне; орталық және жергілікті атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi органдарға; Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға беріледi. 3. Меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратын беру көлемi 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгi, Қазақстан Республикасының Үкіметі және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган толық көлемде немесе меншiктiң мемлекеттік мониторингi мәнiне жатқызатын жекелеген мәселелер бойынша меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң ақпаратын алуға құқығы бар. 5. Орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар оларға қатысты акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыратын меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң объектілерi бойынша толық көлемде меншiктің мемлекеттік мониторингi ақпаратын алуға құқығы бар. 6. Жергілiктi өкiлдi органдар және жергілiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегi меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң объектілерiне қатысты меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратын алуға құқығы бар. 7. Акциялардың мемлекеттік пакеттерiн және қатысу үлестерiн иелену және пайдалану құқығын және/немесе меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң объектiсiне, сондай-ақ жеке меншiктегi меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң объектілерiне қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асырмайтын орталық атқарушы органдар және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар олардың құзыретiне жатқызатын мәселелердiң шегiнде меншiктiң мемлекеттік мониторингі ақпаратын алуға құқығы бар. 4. Меншіктің мемлекеттік мониторингi ақпаратын беру тәртiбі мен мерзiмi 8. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне меншiктің мемлекеттік мониторингi ақпаратын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшілiгiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсырмаларымен көзделген меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкiлеттi орган бередi. 9. Орталық атқарушы органдарға, жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратын тиiстi сұрау салудың негiзiнде меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкілеттi орган бередi. 10. Меншiктiң мемлекеттік мониторингi ақпаратын беру: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгiне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерiмен көзделген мерзімде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшілiгiнiң және Қазақстан Республикасы Yкіметінiң тапсырмаларымен көзделген мерзiмде; 2) орталық атқарушы органдарға, жергілiкті өкілдi және атқарушы органдарға және Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдарға меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзуге уәкілеттi орган айқындайтын, бiрақ сұрау салуды алған күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады. 5. Меншiктiң мемлекеттік мониторингінiң электрондық дерекқорына жедел қол жеткiзу 11. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген Мемлекеттік органдардың меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң электрондық дерекқорына қол жеткiзуi осы Ереженiң 3-бөлiмiнде белгіленген көлемде айқындалады. 12. Меншiктiң мемлекеттік мониторингiнiң электрондық дерекқорына қол жеткiзудi жүргiзу мен қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды меншiктiң мемлекеттік мониторингiн жүргiзу жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |