Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетiнiң мәселелерi (2017.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006.22.09. № 899 Қаулысымен тақырыбында және мәтінде «медициналық қызметтің сапасын бақылау» деген сөздер «медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 3. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2009.07.10. № 1541 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Комитеттің аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерi құрылсын. 4-1. ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 942 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiктi Комитетке бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Комитеттiң әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|