|
|
|
"Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысы (ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ғылым және ғылыми еңбектер мен ғылыми әдебиеттi басып шығаруды қамтамасыз ету саласындағы баспа базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiмет ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарамағынан Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарамағына берiлсiн. 2. Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi: 1) Кәсiпорынның жарғысына тиiстi өзгерiстер енгiзсiн және оның мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар 1. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-158-жолмен толықтырылсын: "470-158 "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы Алматы қаласы". 2. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 10 желтоқсандағы N 1271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., N 48, 426-құжат): 1) Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға жатқызылған кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген 1998-1999 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi реттiк нөмiрi 21-жол алынып тасталсын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. N 1180 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 3. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде "Басқа ұйымдар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 51-жол алынып тасталсын. 4. "Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi "1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-9-жолмен толықтырылсын: "157-9. "Ғылым" ғылыми-баспа орталығы".
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |