|
|
|
Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институтын тарату туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 454 қаулысы (ҚР Үкіметінің 09.03.04 ж. N 291 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен) Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды таратуды жүзеге асырсын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер ҚР Үкіметінің 09.03.04 ж. N 291 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман күзеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 21 сәуірдегі N 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 19, 188-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орман күзеті туралы ережеде: 3-тармақтың жетінші абзацында "біліктілігін көтеру институттарында" деген сөздер алынып тасталсын. 2. "Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйіне, өсірілуіне, қорғалуына, сақталуымен пайдалануына мемлекеттік бақылау жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 21 наурыздағы N 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 10, 117-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ормандарының жай-күйіне, өсірілуіне, қорғалуына, сақталуы мен пайдалануына мемлекеттік бақылау жөніндегі ережеде: 6-тармақтың екінші абзацында "мамандықты арттыру институты" деген сөздер алынып тасталсын. 3. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат): көрсетілген қаулының 2-қосымшасында: "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген жол алынып тасталсын. 4. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде: "Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" бөлімі және 35-жол алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |